Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Өте қиын шешім қабылдадым": Пашинян Қарабақ соғысы аяқталғанын мәлімдеді

Жарияланған күні:

Пашинян
Фото: Армения премьерінің сайты

Арменияның премьер-министрі Ресей мен Әзірбайжан басшыларымен Таулы Қарабақ бойынша келісімге келгендері туралы мәлімдеді. Мәлімдемеге сәйкес, аталмыш аймақ үшін соғыс тоқтатылмақ.

"Құрметті азаматтар, бауырлар, жеке өзім үшін және бәріміз үшін өте қиын шешім қабылдадым. Ресей мен Әзірбайжан президенттерімен бірге Қарабақ соғысының 01:00-ден (Нұр-Сұлтан уақытымен 03:00-ден бастап - ред.) бастап аяқталуы туралы мәлімдемеге қол қойдым ", - деп жазды Никол Пашинян өзінің Facebook парақшасында.

Оның сөздерінің аудармасын РИА Новости ұсынды.

Пашинян бұл шешім "әскери жағдайды жан-жақты талдау нәтижесінде қабылданды" деп атап өтті.

Ол бұл қадамды қазіргі жағдайда ең дұрыс қадам деп атады және соғыс қимылдарының тоқтатылуы "жеңіс те, жеңіліс те емес" екендігін алға тартты.

"Біз жеңілгенімізді ешқашан мойындамаймыз және бұл біздің ұлттық бірлігіміз бен жаңғыруымыздың бастауы болуы керек. Мен барлық құрбандарымыздың алдында басымды иемін. Мен өз өмірімен Отанын қорғаған және қорғайтын барлық әскери қызметкерлердің, офицерлердің, генералдардың, еріктілердің алдында басымды иемін. Олар өздерінің қайсарлығымен Арцах армяндарын құтқарды. Біз соңына дейін күрестік және біз жеңеміз. Арцах орнында. Жасасын Армения, жасасын Арцах", - деп сөзін аяқтады премьер-министр.

Басылым жазғандай, бұл келісімге қол қою туралы ақпаратты Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков растаған.

Еске салсақ, бұған дейін Мәскеудегі кеңестің нәтижесі бойынша Армения мен Әзербайжан 10 қазаннан бастап Таулы Қарабақтағы атысты тоқтату туралы келісім келгенін жазған едік.

Алайда артынша, екі тарап бірін-бірі бұл келісімді бұзды деп айыптады.

Кейін Баку мен Ереванның жаңа бітімгершілік туралы келісімге келгені хабарланды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1883807-te-kiyn-sesim-kabyldadym-pasinan-karabak-sogysy-aaktalganyn-zarialady/