Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

100-ге жуық жоба: Қызылордада жол жөндеу жұмыстарына басымдық берілді

Опубликовано:

Жол жөндеу
Фото: Қызылорда қаласы әкімдігінің

Ағымдағы жылы Қызылорда қаласына «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдармасына сай бөлінген қаражат есебінен 98 жоба жүзеге асырылуда. Басымдық жол жөндеу және әлеуметтік нысандарды жаңғырту жұмыстарына берілген.

Қала әкімінің бастамасымен жол жөндеу жұмыстарына жыл сайын бөлінетін қаражат көлемі 2020 жылы 2 есеге ұлғайтылған болатын.

Нәтижесінде жыл көлемінде басты назар аударып отырған барлығы 260 жол салынуда. Оның 210 орташа жөндеуден өтсе, 50 көшеге қиыршық тас төселді. Сонымен қатар, 68 жаяу жүргінші жолы да бар.

Жол жөндеу
Фото: Қызылорда қаласы әкімдігінің

Айта кету керек, Қызылорда қаласында «Шет аймақ» деген ұғым қалыптаспаған. Жол жөндеу жұмыстары аясында, қаламыздың орталығымен қатар, басқа да көшелері назардан тыс қалған емес. Керісінше жыл сайын шет аймақтың жолдарын жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізіліп келеді. Бұл мәселеге қала әкімі айрықша көңіл бөлуде.

Жол жөндеу
Фото: Қызылорда қаласы әкімдігінің

Бүгінде қаламыздың Әл-Фараби, Титов, Гагарин, Шанхай, Коммунизм, КБИ мөлтек аудандарында "Жұмыспен қамту 2020" жол картасы бағдарламасы шеңберінде осы игілікті істер жүйелі жалғасын тапқан.

"Жөндеуден өтіп жатқан көшелерге жолыңыз түссе, қала тұрғындарының игілігі үшін жөндеу жұмыстарына атсалысқан азаматтарға алғысымызды айтамыз", – деген қызылордалықтарды жиі кезіктіруге болады.

Қызылорда қаласының барлық бағытындағы кіре беріс жолдары, яғни бас әуе қақпасы саналатын әуежайдан қалаға дейінгі аралық, Сырдария ауданынан және Шиелі ауданынан кіре беріс жолдар қайта қайта салынып, шеткей бетте орналасқан Иіркөл елді-мекеніне барар 16 шақырымдық жолға асфальт жол төселінген.

Жол жөндеу
Фото: Қызылорда қаласы әкімдігінің

Айта кету керек, Қызылорда қаласында жол жөндеу жұмыстары ең ауқымды жобалардың біріне айналып, Қызылорда қаласының және оған қарасты елді-мекендердегі жол құрылысын дамытуға соңғы жылдары 33 млрд теңгеден астам қаржы бөлініп, 630 шақырым жол орташа жөндеуден және жол саласына заманауи технологияларды және жөндеу жұмыстарының жаңа әдістерін енгізе отырып күрделі, қайта жаңғырту жұмыстарынан өткен.

Жол
Фото: Қызылорда қаласы әкімдігінің

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1884362-100-ge-zuyk-zoba-kyzylordada-zol-zndeu-zmystaryna-basymdyk-berildi/

pixel