Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

«Еңбек» мемлекет бағдарламасына 580,9 мың адам қатысуда

Опубликовано:

Фото
Фото: prz.enbek.gov.kz

Ағымдағы жылдың 10 айында 580,9 мың адам Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына қатысты.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінен хабарлағандай, 379,5 мың адам жұмысқа орналастырылса, оның ішінде 231,5 мың адам тұрақты жұмысқа тұрды.

«198 мыңнан астам адам субсидияланатын жұмыс орындарымен қамтылса, оның ішінде 18,6 мың адам әлеуметтік жұмыс орындарына, 33 мың адам жастар практикасына, 147,1 мың адам қоғамдық жұмыстарға орналастырылды», - дейді ҚР ЕХӘҚМ Халықты жұмыспен қамту департаментінің директоры Найла Мұхтарова.

Еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру мақсатында, ағымдағы жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша, жұмыс күші мол өңірлерден 5 360 адам, яғни 1 535 отбасы қоныс аударған.

Қысқа мерзімді оқыту курстарына 18,2 мың адам жіберілсе, техникалық-кәсіптік оқытумен 18,4 мың адам қамтылған.

Мемлекеттік бағдарлама аясында жыл басынан бері жаппай кәсіпкерлікті дамыту үшін 12 109 микрокредит берілсе, оның ішінде ауыл тұрғындарына 10 929-ы бұйырған. Микрокредит алушылар 12 738 жұмыс орнын ашты.

Сондай-ақ, бағдарламаға қатысушыларға, жаңа бизнес-идеяларды жүзеге асыру үшін 200 АЕК мөлшерінде 38 мыңнан астам мемлекеттік грант табысталмақ. Бүгінде 34,1 мыңнан аса грант бөлініп үлгерген.

Бұдан басқа, 33,2 мың адам, «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытудан өткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1884815-ebek-memleket-bagdarlamasyna-5809-my-adam-katysuda/

pixel