jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Сәке Қанатұлы
    Сәке Қанатұлы
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақстан президенті балаларға қатысты жазба жариялады

    Тоқаев
    Фото: Ақорда

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаев балалардың құқығын, денсаулығын сақтау, жас ұрпаққа білім беріп, дамыту басты мақсат екенін атап өтті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

    Бүгін әлем балалар күнін атап өтетінін еске салған мемлекет басшысы басымдыққа ие мақсат-міндеттерді де нақтылай түсті.

    ​"Бүгін бүкіл әлем балалар күнін атап өтеді. Балалардың құқығын, денсаулығын сақтау, жас ұрпаққа білім беріп, дамыту – біздің басты мақсатымыз. Біз Қазақстандағы барлық балалардың бақытты болашағын қамтамасыз етуіміз керек. Біз әр баланың үніне құлақ асуымыз қажет", – деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter әлеуметтік желісіндегі парақшасында.

    Айта кетейік, 1954 жылы БҰҰ-ның Бас ассамблеясы барлық елге бейбіт бауырластық күні ретінде, сонымен қатар әлемдегі балалардың есен-саулығы мен олардың өзара түсіністігін қамтамасыз ету үшін Дүниежүзілік балалар күнін енгізуді ұсынды.

    Ал 1959 жылдың 20 қарашасы күні ассамблея Бала құқықтары жөніндегі декларацияны және 1989 жылы дәл осы күні Балалар құқықтары туралы конвенцияны қабылдады.

    Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваны қабылдағаны туралы хабарлаған едік.

    Қазақстан президентіне ақпараттандыру стратегиясын іске асыру және мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауы аясында берілген тапсырмаларының орындалу барысы жайында баяндалды.

    Сонымен қатар Аида Балаева азаматтық қоғамды дамыту мәселелеріне тоқталып, аталған бағыт бойынша алға қойылған міндеттерді орындаудың нақты жоспарлары туралы мәлімет берді.

    Кездесу соңында мемлекет басшысы қолға алынған жұмыстарды жалғастыра беруді атап өтіп, министрлікке бірқатар міндет пен тапсырма жүктеді.

    Қазақстан президенті балаларға қатысты жазба жариялады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.