Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі мен BI Group серіктестік туралы келісімге қол қойды

Опубликовано:

Салтанатты іс-шара
Фото: ТҮҚЖБ

"Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі"АҚ мен BI Group құрылыс компаниясы Шаңырақ "5-10-20" бағдарламасы аясында серіктестік туралы келісімге қол қойды. Бұдан былай сатып алушы Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде аталмыш бағдарлама бойынша құрылыс сатысында тұрған BI Group тұрғын үй кешендерінен пәтер сатып алуға займ ресімдесе, алғашқы 12 айда қарыз бойынша сыйақыны өтеуден босатылады және жинаққа өз жарналарын ғана салады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" Орталық филиалының директоры Жансұлтан Матаевтың айтуынша, "Шаңырақ" пилоттық жобасы - "Нұрлы Жер" мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасының бір бөлігі. Бүгінгі таңда жоба аясында 2,5 мың отбасы баспаналы болды, тағы 4,5 мың өтініш банктен мақұлдау алған.

"Биыл "Шаңырақ 5-10-20" жобасын жүзеге асыруда 7-8 мың қазақстандық отбасын қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету жоспарланып отыр. 100-ге жуық қазақстандық құрылыс салушы жаңа тұрғын үй нысандарын ұсынады, бірақ BI Group - бағдарламаға қатысушыларға қарызды өтеу бойынша борыштық жүктемені азайтуды шешкен алғашқы құрылыс компаниясы", - деді Матаев.
Жансұлтан Матаев
Фото: ТҮҚЖБ

"Шаңырақ 5-10-20" бағдарламасына тұрғын үйге мұқтаж ретінде әкімдікте есепте тұрған азаматтар қатыса алады. Қатысу үшін еңбек немесе кәсіпкерлік қызметтен отбасылық кірістің болуы талап етіледі. Отбасының әрбір мүшесінің соңғы алты айдағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 3,1 еселенген шамасынан (2020 жылдың 1 сәуірінен бастап - 32 668 теңге), яғни 2020 жылы – 101 270 теңгеден аспауы тиіс.

Осылайша, енді әкімдіктерде кезекте тұрғандар салынып жатқан BI Group тұрғын үй нысандарынан пәтерлерді тұрғын үй құнынан 7% жеңілдікпен сатып ала алады немесе несие ресімделген сәттен бастап 12 ай ішінде қарыз бойынша ай сайынғы төлемді өтеген кезде кредиттік жүктеменің төмендеуіне сене алады.

"Шаңырақ 5-10-20" бағдарламасының шарттары өте қарапайым. Жеңілдікті несиелеуге қатысушы бастапқы жарнаны 10% - дан бастап (табысты растаған жағдайда) енгізеді. Қарыз алушылар үшін қарыз бойынша мөлшерлеме (СЖТМ 5,2% - дан бастап) жылдық 5% - ды құрайды. Несиенің ең жоғарғы сомасы 20 жылға дейінгі мерзімге 18 млн теңгеге тең.

Салтанатты іс-шара
Фото: ТҮҚЖБ

Мысалы, егер пәтер құны 12 млн теңге тұрса, бастапқы жарна 1,2 млн теңге болады. Шаңырақ «5-10-20» бағдарламасы бойынша ай сайынғы төлем 98 мың теңгені құрайды. Осы 98 мың теңгеден BI Group компаниясы шамамен 50 мың теңгені, яғни, қарыз бойынша пайыздарды өтейді. Бұл ретте клиент негізгі қарызды, яғни, айына 48 мың теңгені ғана төлейді.

"Біз банктер салымшыларына, атап айтқанда, ЖАО-да кезекте тұрғандарға және осы бағдарламаға қатысушыларға үлкен ауырлық түсетінін түсінеміз. Оларға қарыз бойынша пайыздарды төлеу және жылжымайтын мүліктері аяқталғанша күту қажет. Ал осы кезеңде өзі үшін қандай да бір тұрғын үйді жалға алуға мәжбүр. "5-10-20" жобасының іске қосылуы ұзақ жылдар бойы тұрғын үй кезегінде тұрған қазақстандықтарға өз баспанасын табуға мүмкіндік берді. Енді ел тұрғындары сапалы жылжымайтын мүлікті оңтайлы бағамен сатып алу мүмкіндігіне ие болды", - деді BI Group коммерциялық директоры Әсел Жүнісова.
Салтанатты іс-шара
Фото: ТҮҚЖБ

Шаңырақ «5-10-20» бағдарламасы Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларындағы BI Group-тан «Asyl Mura», «Бестерек», «Сердце Столицы», «Nova City на Туране», «Sezim Qala», «Nova City на Рыскулбекова», «Gulder» және тағы басқа нысандарды тұрғын үй құрылысының бірыңғай операторының кепілдігімен үлестік қатысу шарты негізінде несие алуға мүмкіндік береді.

Келесі жылы құрылыс компаниясы аталған бағдарламаға қатысу үшін Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент және Атырау қалаларының нарығында 12 мыңға жуық жаңа пәтер ұсынуды жоспарлап отыр.

Интервью
Фото: ТҮҚЖБ

Әкімдікте кезекте тұрған адамдардан (Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің клиенттерінен де, әзірге клиент атанып үлгермеген тұрғындардан да) өтініштер тек hcsbk.kz сайты арқылы қабылданады. bi.group сайтында сіз көңіліңіз қоштаған жылжымайтын мүлік түрлерін таба аласыз. Толығырақ BI Group сату бөлімдерінен немесе 300, 360 нөмірлері бойынша (ұялы телефоннан тегін) біле аласыз.

Заемды алу үшін өтініш берушінің жинақ шотында несие көлемінің 10% кем түспейтін тұрғын үй құрылыс жинағы болу керек. Әкімшілік кезегіне қай уақыттан бастап есепке тұрғаныңызды egov.kz сайты арқылы немесе жергілікті атқарушы билік органдарынан білуге болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1886401-trgyn-j-krylys-zinak-banki-men-bi-group-seriktestik-turaly-kelisimge-kol-kojdy/

pixel