Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Назарбаев: Әлі талай құшақтасатын боламыз

Опубликовано:

Нұрсұлтан Назарбаев
Фото: Elbasy.kz

Қазақстанның Тұңғыш президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев партияның кезектен тыс XX съезд жұмысына қатысу үшін 400 делегат сайланғанын жеткізді. Айта кетейік, жиынға партияның орталық және жергілікті органдарының басшылары, депутаттар, үкіметтік емес ұйымдар, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері, журналистер бейнеконференция арқылы қосылып отыр деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Партияның кезектен тыс XX съезін ашық деп жариялаймын. Қазақта жүре берсең, көре бересің деген сөз бар. Мінеки, съезді қашықтан өткізуге мәжбүр болып отырмыз. Осындай заманға тап келдік. Бұл да өміріміздің бір саласы, есте қалады. Аманшылық болса, талай бірге кездесіп, шүйіркелесіп, жүздесіп, құшақтасатын боламыз. Сол күнге тезірек жеткізсін", – деді Елбасы.

Елордада өтіп жатқан съезге Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, үкімет басшысы Асқар Мамин, мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулин, Дариға Назарбаева, Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек қатысып отыр.

Еске сала кетсек, осыған дейін Нұр-Сұлтанда Елбасының қатысуымен Nur Otan партиясының съезі басталғанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1886405-nazarbaev-li-talaj-ksaktasatyn-bolamyz/

pixel