Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұр-Сұлтанда Елбасының қатысуымен Nur Otan партиясының съезі басталды

Опубликовано:

Партия съезі
Фото: elbasy.kz

25 қараша, сәрсенбі күні Қазақстан астанасында Nur Otan партиясының кезектен тыс XX съезі басталды. Шараға партия көшбасшысы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қатысып жатыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Партия съезінде Парламент мәжілісі сайлауының партиялық тізімі мен сайлауалды бағдарламасын бекіту жоспарлануда.

Айта кетейік, осыған дейін партия төрағасының орынбасары Бауыржан Байбек праймериздің үшінші кезеңі аяқталғанын хабарлаған еді.

"Оң тәжірибені ескере отырып, партия лидері Нұрсұлтан Назарбаев Nur Otan жарғысына партияның праймериз – партияішілік сайлауын өткізуі туралы норманы енгізуді тапсырды. Жарғыға енгізілетін өзгерістердің тиісті жобасы 2020 жылдың 25 қарашасында өтетін партияның кезектен тыс ХХ съезінің бекітуіне шығарылады", - деп жазды Бауыржан Байбек.

Оның айтуынша, партияішілік іріктеу ел ішіндегі белсенді де талантты жандардың өздерін көрсетіп, идеяларын таныстыруына, жаңа жақтастар мен достар табуына жол ашты.

"Праймериздің үшінші кезеңі аяқталды. Nur Otan партиясының Қазақстан Республикасы парламентінің мәжілісіне арналған партиялық тізіміне 17 өңірден кандидаттар анықталды. Пікірсайыстар қорытындысы бойынша 267 үміткердің ішінен жасырын рейтингтік электронды дауыс беру арқылы 78 адам сайланды", - деді Байбек.

Жалпы партиялық тізімнің үштен біріне жуығын әйелдер құрап отыр,  ал 12 кандидат – 35 жасқа дейінгі жастар. Жеңімпаздардың орташа жасы – 47. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1886364-nr-sltanda-elbasyny-katysuymen-nur-otan-partiasyny-sezi-bastaldy/

pixel