Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елордалықтар iQala Орталығында «Астана-Теплотранзит» АҚ-ның тағы төрт қызметін ала алады

Опубликовано:

iQala
Фото: iQala

Елордалықтар үшін iQala қалалық қызмет көрсету орталығында «Астана-Теплотранзит» АҚ-ның төрт танымал қызметі қолжетімді болды. Енді сіз үйіңізден немесе кеңсеңізден шықпай-ақ, ЭСҚ-ны пайдалана отырып, бұл қызметтерді iqala.kz порталынан ала аласыз, деп хабарлайды.

IQala қалалық орталығының баспасөз қызметі хабарлағандай, бүгінде «Нұр-Сұлтан» тұрғындары мен заңды тұлғалары үшін «Астана-Теплотранзит» АҚ-ның тағы төрт қызметі қолжетімді болып отыр. Атап айтқанда, сыртқы жылу желілерін гидропневматикалық шаю және қысыммен тексеру бағдарламасын қарауға және бекітуге өтінім ұсына аласыз. Заңды тұлғалар, сонымен қатар ыстық сумен қамту есептегіштерін тіркеп, олардың көрсеткіштерін бере алады.

Жалпы, бүгінгі таңда Орталық жеке және заңды тұлғаларға 141 қызмет түрін көрсетеді, оның 36-сы – «Астана-Теплотранзит» АҚ-ның қызметтері.

iQala
Фото: iQala

Жыл соңына дейін тағы 10 қызметті цифрландыру жоспарланып отыр. Осылайша, «АстанаЭнергоСбыт» ЖШС мен «АстанаЕРЦ» ЖШС-нің барлық қызметтері, сондай-ақ «АстанаТеплоТранзит» АҚ қызметтерінің 98%-ы осы жерде қолжетімді болады. Бұл дегеніміз, Орталықта елорда тұрғындары «бір терезе» қағидаты бойынша барлық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық қызметтерін ала алатынын білдіреді. Үйден шықпай-ақ, ЭСҚ қолдана отырып, бұл қызметтерді www.iqala.kz порталынан алуға болады.

Жақында мұнда «Қазақтелеком» АҚ-ның телефон мен интернетті қосу қызметтері, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалар үшін «АстанаСуАрнасы» компаниясының шекараларды бөлу актілерін беру, «Астана АЭК» АҚ-ның абоненттердегі есепке алу жүйелерін (санауыш – ред.ескертпесі) тексеру және қабылдау және оларды пломбалау секілді бірқатар қызметтер қолжетімді болды.

Орталыққа БЕО түбіртектерін алу үшін келетіндердің қарасы көп болуына байланысты «iQalakz_bot» Telegram боты іске қосылды. Онда тұрғын дербес шоттың нөмірін енгізу арқылы БЕО-ның соңғы түбіртегін ала алады. Сондай-ақ, мұнда заңды тұлғалар үшін электронды шот-фактура мен Қазақстан Республикасы Ұлттық сертификаттау орталығының ЭСҚ-сын алу бойынша нұсқаулық бар.

iQala
Фото: iQala
«Күн сайын iQala тобы қызметтерді автоматтандырумен айналысады, олардың санын порталда көбейтуді қолға алған. Бүгінгі күні Орталық электрмен жабдықтау, жылумен жабдықтау және сумен жабдықтау, қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару бойынша келісімшарттар жасау қызметтерін Орталықтың фронт-кеңсесінде, сондай-ақ www.iqala.kz порталында онлайн режимде ұсынуда», - деп хабарлады Орталық.

Қызметті онлайн режимде алу үшін азаматтарға жылжымайтын мүлікке құқықты растайтын құжаттардың сканерленген нұсқасы және ЭСҚ қажет болады. Айта кетсек, ЭСҚ-ны жеке тұлғар қалалық қызмет көрсету орталығында да ала алады.

Сонымен қатар елорда тұрғындары Орталықтың қызметі, Порталға қосылған жаңа қызметтер жайлы әлеуметтік желілердегі iQala-ның ресми парақшаларынан (инстаграм: iqala_smartcity, фейсбук: iQala қалалық қызметтер орталығы) оқи алады, сондай-ақ өз пікірлерін қалдырып, сұрақтар қоя алады, Орталық пен Портал жұмысын жақсартуға қатысты ұсыныстарын айта алады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1887119-elordalyktar-iqala-ortalygynda-astana-teplotranzit-ak-ny-tagy-trt-kyzmetin-ala-alady/

pixel