Назарбаев: Абу-Даби Плазаның" ең биік мұнарасын "Қазақстан" деп атаймын
Жарияланған күні:
Тұңғыш президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Нұр-Сұлтандағы ең биік ғимарат "Абу-Даби Плазаның" ең биік мұнарасын Қазақстанның құрметіне атайтынын мәлімдеді деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Елбасы Тұңғыш Президент күні қарсаңында Qazaqstan телеарнасына сұқбат берді.
Деректі фильм үзіндісінде Нұрсұлтан Назарбаев Орталық Азиядағы ең биік ғимарат мұнарасына жаңа атау келесі жылы берілетінін айтты.
"Ендігі жылы, Құдай бұйырса, Абу-Даби Плаза мұнарасын "Қазақстан" мұнарасы деп атаймын. Біздің кең даламызда алыстан көрініп тұратын мұндай биік ғимарат жоқ. Мынау не? Бұл астана ғой, бұл "Қазақстан" мұнарасы деп айтып жүретіндей болады", – деді Елбасы сұқбатында.
Сонымен қатар Нұрсұлтан Назарбаев елордада өңірдегі ғана емес, дүниедегі ең үлкен мешіт салынып жатқанын айтты.
"Бір жағынан діни мағынасы бар, екінші жағынан туристік мағынасы бар үлкен, әдемі, зәулім ғимарат пайда болады. Алда, Құдай бұйырса, әлі талай ойлар бар", – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Еске салсақ, бүгін – Тұңғыш Президент күні. Қазақстан халқы бұл мерекені биыл тоғызыншы рет тойлап отыр. Мемлекеттік мерекенің шығу тегі 1991 жылдың 1 желтоқсанында елімізде өткен тұңғыш президент сайлауымен байланысты. Атаулы күнге орай KAZ.NUR.KZ порталы Қазақстанның тұңғыш президенті, елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа арнап елімізде және шетелдерде орналасқан монументтер мен ескерткіштерді хронологиялық ретпен тізіп шықты.
Оған қоса, Нұрсұлтан Назарбаевтың атына шетелдік мемлекеттер басшыларынан, экс-президенттерден, бұрынғы үкімет басшылары мен саяси қайраткерлерден, алыс-жақын шет елдердің бизнес өкілдерінен хаттар келіп түскен. Әлемдік көшбасшылар мен саяси қайраткерлер еліміздегі мерекемен Назарбаевты құттықтады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1887292-nazarbaev-abu-dabi-plazany-e-biik-mnarasyn-kazakstan-dep-atajmyn/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.