Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өзбекстан президенті Тоқаевты құттықтады

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев. Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан президентімен телефон арқылы сұхбаттасты деп хабарлайды Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Шавкат Мирзиёев Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстанның Тұңғыш Президенті күні мерекесімен құттықтап, еліміздің дамуы баянды және халықаралық қауымдастықтағы мерейінің лайым үстем болуына тілектестігін білдірді.

Мемлекет басшылары Қазақстан мен Өзбекстанның арасындағы достық пен бауырластыққа, тату көршілік пен стратегиялық серіктестікке негізделген екіжақты саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық қатынастарды әрі қарай нығайтуға мүдделіліктерін растады.

Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев күн тәртібіндегі өңірлік деңгейдегі бірқатар өзекті мәселелер бойынша пікір алмасып, биылғы жылдың аяғына дейінгі іс-шараларды талқылады.

Еске салсақ, Нұрсұлтан Назарбаевтың атына шетелдік мемлекеттер басшыларынан, экс-президенттерден, бұрынғы үкімет басшылары мен саяси қайраткерлерден, алыс-жақын шет елдердің бизнес өкілдерінен хаттар келіп түскен болатын.

Оған қоса, Қазақстан халқы Тұңғыш Президент күнін биыл тоғызыншы рет тойлап отыр. Мемлекеттік мерекенің шығу тегі 1991 жылдың 1 желтоқсанында елімізде өткен тұңғыш президент сайлауымен байланысты. Атаулы күнге орай KAZ.NUR.KZ порталы Қазақстанның тұңғыш президенті, елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа арнап елімізде және шетелдерде орналасқан монументтер мен ескерткіштерді хронологиялық ретпен тізіп шықты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1887310-zbekstan-prezidenti-tokaevty-kttyktady/

pixel