Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Nur Otan-нан шығарылған Әлтаев: Байлаулы қолымды шешті, қуаныштымын

Опубликовано:

Нуржан Альтаев
Фото: Facebook/Нуржан Альтаев

Мәжілістің экс-депутаты Нұржан Әлтаев Nur Otan партиясынан шығарылып, депутаттық мандаттан айырылуына қатысты түсініктеме берді деп хабарлады Sputnik Қазақстан.

Оның cөзінше, партиядан шығу партия басшылығымен келіспей, ашық пікір білдіруге мүмкіндік береді.

"Мен партия тәртібін құрметтеймін, бірақ Қазақстан халқына одан да зор құрметпен қараймын. Мен халықтың өтінішіне бей-жай қарай алмадым, кейде менің депутаттық сауалым фракцияның келісімін алмайтын. Триггерге осы жылдың жазы себеп болды.  Пандемия кезінде адамдар қайтыс болды, пандемиямен күресуге бөлінген қомақты қаражатқа қарамастан, адамдар медициналық көмек ала алмады", - деп сөзін бастады экс-депутат.

Нұржан Әлтаев биліктің барлық деңгейіндегі сыбайлас жемқорлық, сонымен қатар үкіметтің халық алдында есеп бермеуі елдегі үлкен проблема екенін жеткізді.  

"Мен премьер-министрді парламентке халық алдында есеп беруге шақырдым, бірақ ол кісі келмеді. Жауап жазылған хат жолдады, алайда ол хат мені де, сайлаушыларды да қанағаттандырмады. Жазда болған барлық оқиғадан кейін елге елеулі саяси реформалар қажет екенін түсіндім. Бұл мәселенің барлығы жылдар бойы жинақталды", - дейді ол.

Бұрынғы мәжіліс депутаты алдағы парламенттік сайлау туралы да сөз етті.

"Халықтың немен күн көріп отырғаны шенеуніктерді аса қатты толғандырмайды. Адамдардың табысы айтарлықтай төмендеді, ал бұл туралы үндемей, отырып алып бағдарламалар мен жетістіктер туралы айту дұрыс емес деп санаймын. Проблемалар мен фактілер туралы айтқанда ережелер мен заңдарды бұзып жатырмын деп ойламаймын", - дейді Нұржан Әлтаев.

Ол елге қарсылас емес екенін, тек проблемаларды шешкісі келетінін атап өтті. Алайда ол үшін шындықты айту керек, дейді бұрынғы мәжіліс депутаты.

"Nur Otan партиясы, өкінішке қарай, бүгінгі күні бұл шындық пен сынға әлі дайын емес. Сондықтан адамдардың проблемаларын айтқан депутатты шығарып тастау туралы шешім қабылданған шығар. Мен бұл шешімге (ред. - партиядан шығаруға) қуаныштымын, байлаулы қолымды шешті деп айтуға болады", - деп атап өтті Әлтаев.

Еске сала кетсек, осыған дейін парламент мәжілісінің депутаты Нұржан Әлтаевтың өкілеттігі тоқтатылғанын жазған болатынбыз. Тиісті құжатқа Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Имашев пен Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Сәбила Мұстафина 30 қараша күні қол қойған.

Ол 2019 жылдың 12 ақпанында мәжіліс депутаты болып сайлаған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1887510-nur-otan-nan-sygarylgan-nrzan-ltaev-bajlauly-kolymdy-sesti-kuanystymyn/

pixel