Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркіменстан президенті 122,5 келі есірткіні пешке салып, өртеп жіберді (видео)

Опубликовано:

Түрікменстан президенті есірткіні пешке салып, өртеп жіберді
Гурбангулы Бедімұхаедов. Видеодан кадр: hronikatm.com

Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердымұхамедов камера алдында 123 келіге жуық есірткіні өртеп жіберді. Осылайша ол тыйым салынған заттардың көзін жоюға арналған жаңа пешті ашты деп хабарлайды Хроники Туркменистана порталы.

Ашхабадтан 100 шақырым жерде орналасқан жаңа пеште өртелген тыйым салынған заттардың жалпы салмағы 122,5 келіні құраған.

Басылым жария еткен кадрларда Бердымұхамедовтың өз көлігімен нысанға қалай келгені көрсетілген. Содан кейін ол әскери қызметкерлердің алдына тоқтап, үлкен пешке есірткі салынған пакеттерді лақтыра бастайды.

Әдетте тәркіленген есірткіні жою акциясы жыл сайын 26 маусым – Халықаралық есірткі айналымына қарсы күрес күні ұйымдастырылатын. Биыл бұл шара жаңа кешеннің ашылуына орай кейінге шегерілген.

Жаңа нысан маңында мемлекеттік қауіпсіздік кеңесінің көшпелі отырысы да ұйымдастырылған.

Еске сала кетсек, бұған дейін Бердымұхамедов отандық гаджеттердің соңғы үлгілерін қарап шығып, оларға атау берген болатын.

Сонымен қатар 23 қыркүйекте БҰҰ Бас ассамблеясының алдында сөйлеген сөзінде Түркіменстан президенті коронавирус індетінің қауіптілігін мойындаған еді.

Ол, тіпті өз елінде коронавирус жұқтырғандардың бар екенін мәлімдеген болатын.

Сондай-ақ, Түркіменстан билігі елдің Қылмыстық кодексіне өзгерту енгізген еді. Оған сәйкес енді "қауіпті жұқпалы аурулардан" емделуден жалтарғандар немесе ауруханадан қашқандар екі жылдан бес жылға дейін бас бостандығынан айырылады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1887784-trikmenstan-prezidenti-1225-keli-esirtkini-peske-salyp-rtep-ziberdi-video/

pixel