Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мемлекет басшысы Қайрат Әбдірахмановты қызметінен босатты

Опубликовано:

қайрат әбдірахманов
Фото: ria.ru

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Швеция мен Даниядағы елшісі Қайрат Әбдірахмановты қызметінен босату туралы құжатқа қол қойды деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Қайрат Құдайбергенұлы Әбдірахманов Қазақстан Республикасының Швеция Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен, Қазақстан Республикасының Дания Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарудан босатылды", - делінген ресми хабарламада.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Қазақстан президенті Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жайылғанованы қабылдағаны туралы жазған болатынбыз.

Мемлекет басшысына агенттіктің биылғы атқарған қызметінің негізгі қорытындылары және президент тапсырмаларының орындалуы туралы есеп берілді

Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаевқа коронавирус індетіне қарсы отандық вакцинаның әзірлену барысы туралы баяндалған еді.

Премьер-министр Асқар Мамин президентке 29 қараша күні клиникалық сынақтардың 1 және 2-кезеңдерінің аяқталғаны туралы мәлімдеді. Үкімет басшысының айтуынша, вакцинаның кері әсері анықталмаған және оның жоғары тиімділігі тіркелген.

25 желтоқсаннан бастап клиникалық сынақтардың 3-кезеңінде аталған вакцина 3 мың еріктіге егіледі. Сынақтар толығымен 2021 жылы наурыз айының соңына қарай аяқталады деп жоспарланған.  

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1887977-memleket-bassysy-kajrat-bdirahmanovty-kyzmetinen-bosatty/

pixel