Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбе облысы мәслихатының ұсталған депутаты "Nur Otan" партиясынан шығарылды

Опубликовано:

Аркадий Ни
Аркадий Ни. Фото: aktobeoblmaslihat.kz

Ақтөбе облысы мәслихатының депутаты Аркадий Ни ұсталғаннан кейін "Nur Otan" партиясының қатарынан шығарылды. Бұл туралы партия бөлімшесінің баспасөз қызметі хабарлады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Ақтөбе облысы мәслихатының депутаты Аркадий Нидің құқыққа қарсы іс-әрекеттерді жасады деген күдікпен ұсталуы фактісіне қатысты "Nur Otan" облыстық бөлімшесінің партиялық бақылау комиссиясы Аркадий Ниді "Nur Otan" партиялық билетінен айыру туралы мәселені облыстық бөлімшенің Саяси кеңес бюросына ұсынғанын хабарлаймыз.

Саяси кеңестің облыстық бюросының қаулысымен Аркадий Ни "Nur Otan" партиясы қатарынан шығарылды", - делінген партияның Ақтөбе облыстық бөлімшесінің ресми баспасөз хабарламасында.

Еске сала кетсек, бұған дейін әлеуметтік желіде Ақтөбеде кәсіпкер мен депутаттың ұсталғаны туралы ақпарат пайда болды.

Kozachkov offside Telegram арнасында Ақтөбеде кәсіпкер әрі депуттатың Қылмыстық кодекстің 122-бабының 3-бөлігі (16 жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынаста болу немесе жыныстық сипаттағы өзге де әрекеттер) бойынша күдіктеліп жатқаны және ұсталғаны туралы ақпарат жарияланды.

Бұл жайтқа қатысты Ақтөбе облысы полиция департаменті пікір білдірді.

Ведомствоның хабарлауынша, қазіргі уақытта жеке тұлғаға қатысты қылмыстық құқық бұзғаны үшін Ақтөбе тұрғынына қатысты қылмыстық іс тергеліп жатыр.

Бұған дейін Ақтөбеде 17 жастағы жігіт 15 жастағы сүйіктісімен интимдік қатынасқа түскені үшін үш жылға бас бостандығынан айырылған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1888335-aktbe-oblysy-mslihatyny-stalgan-deputaty-nur-otan-partiasynan-sygaryldy/

pixel