Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Зиялы қауым "Ауыл" партиясын қолдайды

Опубликовано:

«Ауыл» партиясы
Фото: «Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы

Алматыда «Ауыл» халықтық-демократиялық партиясының атынан ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына үміткер, жазушы Дәурен Қуат зиялы қауым өкілдерімен кездесті.

Кездесуге жазушы, ҚР мемлекеттік сыйлығының иегері Бексұлтан Нұржекеұлы, жазушы, кинодраматург, Т.Жүргенов атындағы Өнер академиясының профессоры, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Смағұл Елубай, жазушы Кәдірбек Сегізбаев, жазушы Тұрысбек Сәукетаев, ақын Қуат Қайранбаев, ақын Ержан Алаштуған секілді бірқатар қаламгерлер келіп қатысты.

«Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы
Фото: «Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы

Кездесу барысында Дәурен Қуат «Ауыл» партиясының сайлауалды бағдарламасы бес негізгі бағыттан тұратынын баяндап берді. Осы ретте сөз қозғаған жазушы Кәдірбек Сегізбаев ауылды жерлердегі жеке шаруа қожалықтарын кооперативке біріктіруді ұсынды. Ал Смағұл Елубай ауылдан қалаға ағылған жастардың жайына тоқталды. Оның айтуынша, ауыл жастарының жаппай қалаға көшуіне ауылда жұмыстың жоқтығы себеп болып отыр.

«Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы
Фото: «Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы

«Ауылдан келген жастардың бәрін қалада жақсы жұмыс күтіп тұрған жоқ. Олар түрлі кәсіптің басын шалып жүр. Қалада баспана мәселесі де өте қиын. Осыдан кейін қалаға келген жастарымыздың әлеуметтік жағдайы бұрынғыдан да нашарлайды. Солардың арасынан амалсыздан қылмыс жасайтындардың да шығуы мүмкін. Әлеуметтік тұрмысы күрделенген жастар ертең әр қалада әлеуметтік толқулар туғызуы мүмкін» дей келіп жазушы: «Соның салдарынан біз өз балаларымызбен өзіміз жағаласып жүрмейміз бе?» деген қаупін де ескертті.

«Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы
Фото: «Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы

ҚР мемлекеттік сыйлығының иегері Бексұлтан Нұржекеұлы ауыл маңындағы жайылымдық жерлердің жекелердің қолына өтіп кеткенін айтты.

«Қолы жеткендер ауыл маңындағы жерлерді жекешелендіріп алған. Сол себепті ауылдағы ағайынның мал жаятын жері жоқ. Мал жайғанды қойып, малын айдап өтетін жол жоқ. Бәрі жеке адамның қолында, халықтың малын жолатпайды. Ауыл маңындағы жерлер ғана емес, жайлаулық жерлер де жекешеленіп кетті», – дейді жазушы. Қазақ әдебиетінің бүгінгі патрирахтарының бірі, жазушы Бексұлтан Нұржекеұлы сөз соңында, «ауыл халқының жанайқайын жоғары мінберде көтеріп, ауылшаруашылығын аяққа тұрғызуға бел байлап отырған «Ауыл» партиясын қолдаймыз», – деген ойын ашық айтты.
«Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы
Фото: «Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы

"Ауыл" партиясы сайлау қоры қаражатынан төленді.

*Үгіт-насихат материалдарын қайта басуға, баспасөз сайттарында, бұқаралық ақпарат құралдарының әлеуметтік желілерінде сілтеме жасамай көшіріп-басуға, және радио немесе телеарна эфирлеріне жарияланған үгіт-насихат материалдарын қайталап беруге, сонымен қатар, сайттарда, әлеуметтік желілерде және БАҚ-тың әлеуметтік желілерінің аккаунттары мен әлеуметтік платформаларында үгіт-насихат материалдарын көшіріп-басуға, таратуға, бөлісуге және өзге де жолдармен таратуға тыйым.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1891755-zialy-kauym-auyl-partiasyn-koldajdy/