Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қасым-Жомарт Кемелұлы: Қазақтың жері ешқашан сатылмайды

Жарияланған күні:

Тоқаев1
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Егемен Қазақстан" газетінде жарық көрген "Тәуелсіздік бәрінен қымбат" мақаласында қазақтың жері ешқашан сатылмайтынын баса айтты.

"Қазақстан – біртұтас мемлекет. Еліміз оңтүстік, солтүстік, батыс, шығыс деп бөлінбейді. Бұл – тек бағытты білдіретін шартты атаулар. 2018 жылы Елбасының Жарлығымен Оңтүстік Қазақстан облысына Түркістан атауы берілді.

Тарихи әділдікті қалпына келтірген орынды шешімді халық бірауыздан қолдап, өте жылы қабылдады. Өйткені, мұндағы шежірелі шаһар ғана емес, тұтас өңір көне замандардан бері Түркістан деп аталған. Осы игі үрдісті еліміз бойынша жалғастыруға болады. Біз мұндай қадамдарды байыппен жасаймыз", - деді Қасым-Жомарт Кемелұлы.

Мемлекет басшысы жерге байланысты мәселелерге де тоқталып өтті.

"Бәріміз айқын білетін және бұлжымайтын ақиқат – қазақтың жері ешбір шетелдіктің меншігіне берілмейді, ешқашан сатылмайды. Осыны әр азаматымыз санасына берік сіңіруі қажет", - деді президент.

Еске сала кетсек, бұған дейін Қазақстан өлім жазасынан ресми түрде бас тартқанын жазған едік. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тиісті заңға қол қойған болатын.

"Мемлекет басшысы "Өлім жазасының күшін жоюға бағытталған Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіге Екінші Факультативтік Хаттаманы ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды",- делінген хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1892219-tokaev-kazakty-zeri-eskasan-satylmajdy/