Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Президент: Шекараны бекітуге асықпаған саясаткерлер мен қоғам қайраткерлері болды

Опубликовано:

шекара
Көрнекі фото: ult.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев "Тәуелсіздік бәрінен қымбат" атты мақаласында шекара толығымен шегенделгенін, 2018 жылы Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияға қол қойылғаннан кейін құрлықтағы ғана емес, теңіздегі шекарамыз да біржола айқындалып, түпкілікті шешілгенін айтты деп жазады Egemen.kz.

"Біз шекара мәселесін шешумен нақты айналысып жатқан кезде кейбір саясаткерлер мен қоғам қайраткерлері "біз бұған асықпайық", "кейін де келісуге болады" деп арқаны кеңге салғысы келгені есімізде. Келіссөздерді табандылықпен жүргізіп, іргемізді дереу қымтап алғанымыз өте дұрыс болғанын уақыттың өзі дәлелдеп берді. Қазір кім не айтса да, біздің екіжақты келісімдермен бекітіліп, халықаралық деңгейде танылған шекарамыз бар. Енді оған ешкім дауласа алмайды", - деді мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, аумақтық тұтастығымызға күмән келтіріп, тату көршілік қатынастарға сына қаққысы келетін кейбір шетел азаматтарының арандатушылық іс-әрекеттеріне ресми және қоғамдық деңгейде тойтарыс бере отырып, ағартушылық жұмыстарын ұстамдылықпен жүргізген жөн.

"Біз ұлттық мүддені аспен де, таспен де қорғауға дайын болуымыз қажеттігін тағы да баса айтқым келеді. Жоғарыда айтқанымдай, шекарамыз толығымен шегенделді. 2018 жылы Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияға қол қойылғаннан кейін құрлықтағы ғана емес, теңіздегі шекарамыз да біржола айқындалып, түпкілікті шешілді", - деді ел президенті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1892272-prezident-sekarany-bekituge-asykpagan-saasatkerler-men-kogam-kajratkerleri-boldy/

pixel