Маңғыстау облысының әкімдігі 45 миллион теңгеге екі айға көлік жалдаған
Жарияланған күні:
Маңғыстау облысының әкімдігі жалпы сомасы 45 миллион теңгеден асатын 52 көлікті екі айға жалға алу туралы келісімшарттарға қол қойды деп хабарлайды Liter.kz.
52 автокөліктің 28-і Hyundai Elаntra, 24-і Hyundai Creta. Екі ай үшін өңірлік әкімдік 45,4 млн теңге төлейді. Қалған 10 айға басқа мемлекеттік сатып алу конкурсы жарияланған.
Ведомствоның есебінше, көлікті баланста ұстауға қарағанда жалға алу бюджетке тиімдірек. Мысалы, өткен жылдың 7 айында транспорттық құралдарды жалға алу үшін 159 млн теңге төленген. Ал 2019 жылы дәл осындай кезеңде автокөліктерге 202,3 млн теңге жұмсалған. Яғни, 43,3 млн теңге үнемделген.
Маңғыстау облысының әкімдігі бұған дейін ай сайын жанармайға, қосалқы бөлшектерді ауыстыруға, жөндеуге, жүргізушілердің жалақысына және басқаларға кететін шығындар болғанын атап өтті.
Анализ аутсорингке көшу арзан болатынын көрсеткен. Бұрын департаменттің балансындағы қызмет көрсетуге жарамды автокөліктер аудандық және қалалық әкімдіктерге берілген. Жөндеуді қажет ететін көліктер аукционда сатылған.
Еске сала кетсек, қазақстандық шенеуніктер 2020 жылы Apple компаниясының қымбат гаджеттерін сатып алу үшін бюджеттен миллиондаған ақша жұмсағанын жазған едік. Бұған мемлекеттік сатып алу сайтында жарияланған ақпарат дәлел болмақ.
Мысалы, өткен жылы Алматы облысының ішкі саясат басқармасы жалпы құны 419 мың теңгеге үш жұп AirPods pro Bluetooth құлаққаптары мен кіріктірілген микрофонын сатып алуға конкурс жариялады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1892579-magystau-oblysyny-kimdigi-45-million-tegege-eki-ajga-klik-zaldagan/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.