Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұрсұлтан Назарбаевқа жоғары награда табысталды (фото)

Опубликовано:

Елбасы
Фото: elbasy.kz

Нұрсұлтан Назарбаевқа Қазақстан Православ шіркеуінің жоғары наградасы – "Алғыс" ордені табыс етілді деп хабарлайды elbasy.kz сайты.

Қазақстан Православ шіркеуінің басшысы, Астана және Қазақстан митрополиті Александр еліміздің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа "Алғыс" орденін табыстады.

Елбасы
Фото: elbasy.kz

Ол Елбасының еліміздегі дінаралық келісімді нығайтуға қосқан үлесіне баса назар аударды.

"Сіз Қазақстанның өркендеуі жолында көп шаруа атқардыңыз. Ең бастысы – дінаралық татулық пен ұлтаралық келісім. Бұл – халыққа жайлы, берекелі және жақсы өмір сүруге, мемлекеттің дамуына мүмкіндік беретін қос тірегіміз. Қалың көпшіліктің атынан Сізге зор алғыс айтуға рұқсат етіңіз. Сіз бар ғұмырыңызды туған жерге қызмет етуге арнадыңыз", – деді Александр.

Елбасы
Фото: elbasy.kz

Назарбаев дінаралық және этносаралық татулық пен келісімді сақтау ісіне сіңірген еңбегін жоғары бағалаған митрополитке ризашылығын білдірді.

"Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап біз толеранттылықты, барлық этностар және діни конфессиялар достығы мен сенімін нығайту саясатын ұстандық. Бірлік пен достық – тұрақтылық пен дамудың кепілі", – деді Назарбаев.

Еліміздің тұңғыш президенті православ христиандарын және барша қазақстандықтарды Рождество мерекесімен құттықтады.

"Қазақстанның барлық православ христиандарын Рождество мерекесімен құттықтаймын. Олар еліміздің дамуына, достық пен тұрақтылықты нығайтуға зор үлес қосып жатыр. Баршаңызға игілік, көтеріңкі көңіл-күй және отбасы бақытын тілеймін", – деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1892646-nrsltan-nazarbaevka-zogary-nagrada-tabystaldy-foto/

pixel