Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев білім беру мәселелеріне өзгерістер енгізу туралы заңға қол қойды

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: newtimes.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңға қол қойды деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

Естеріңізге сала кетсек, президент жақында жарық көрген мақаласында тарихқа көз жүгіртіп, әр буын белгілі бір сынақты басынан өткергенін сөз еткен.

Бабаларымыз "Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұламаны", аталарымыз алапат ашаршылықты, қуғын-сүргінді, дүниежүзілік соғысты көргенін еске алған мемлекет басшысы халқымыздың саны азайғанына баса назар аударған еді.

Оған қоса, Қасым-Жомарт Тоқаев жастардың қашан да тың идеялардың қайнар көзі, оң өзгерістердің қозғаушы күші екенін алға тартып, өскелең ұрпақтың осындай әлеуетін дұрыс арнаға бағыттап, тиімді пайдалану қажет екендігіне тоқталды.

Одан бөлек, мемлекет басшысы халыққа шынайы патриоттық сезіммен рухтанып, қасиетті Тәуелсіздігімізді одан әрі нығайта түсу үшін бірлесе жұмыс істеу керектігін сөз еткен.

Тәуелсіздікке қол жеткізілген күннен бастап ана тілімізді дамыту үшін барлық жағдайдың жасалғанын алға тартқан Қазақстан президенті осы күнге дейін қазақ тілінде білім беретін мектептер мен оқу орындарының, балабақшалардың саны күн санап артып жатқанын атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1892836-tokaev-bilim-beru-mselelerine-zgerister-engizu-turaly-zaga-kol-kojdy/

pixel