Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Назарбаев президентке жақсы кеңес беру үшін немен айналысып жүргенін айтты

Опубликовано:

Елбасы
Фото: Elbasy.kz

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Штрихи к портрету" фильмінің үшінші бөлімінде қандай кітаптар оқығанын, қазір қай жанрдағы шығармаларға басымдық беріп жүргенін жеткізді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Елбасы кітап оқығанды жақсы көретінін сөз етті.

"Мектеп жасымнан бастап, 5-6-сыныптардан бастап, жоғары сыныптарда оқығаным көп. Ал қазір уақыт көп. Классиканы оқығым келеді. Кейде оқығаныңды қайта бір оқып шыққың келеді. Қазір өзіңе қажетін ғана оқу керек деген ой келеді. Тіпті жас кезде, ес білген кезде жұмыс бойынша. Бәрін бірдей оқи берудің қажеті жоқ. Бүгін саған қайсы керек болса, соны оқу керек. Таңдап оқу керек", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Осыдан кейін Қазақстанның Тұңғыш Президенті қазіргі уақытта қандай кітаптар оқып жүргеніне тоқталды.

"Қазіргі уақытта түрлі әдебиетті оқығым келеді. Қызық үшін детектив оқимын. Мәселен, Борис Акунинге қатты қызығамын. Конан Дойлге қызығамын. Қазір соңғы оқығаным "Нейзвестная история Америки". Оны Оливер Стоун жазған. Кітапта Бірінші дүниежүзілік соғыстан Обамаға дейінгі кезең қамтылған. Құрама Штаттарда Ақ үй жүргізген саясаттың астарын ашып көрсетеді. Біз білмей келдік, өте қызық. Ол шығармасында осы жайттың бәрін ашып көрсетіп, ол жақта жағымсыз оқиғалар да болып жатқанын аша білді, дүние жүзінде бар апаттарға америкалық басшылықтың қатысы бары айтылады. Осындай маңызды туындыларды оқығым келеді", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сонымен қатар Елбасы жеке кітапханасының жақында экономика туралы кітаптармен толыққанын жеткізді. Ол экономика туралы кітаптарды елдің президенті мен үкіметіне жақсы кеңес беру үшін оқитынын да жасырмады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1892865-nazarbaev-prezidentke-zaksy-kees-beru-sin-nemen-ajnalysyp-zrgenin-ajtty/

pixel