Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Болашақ үшін дауыс береміз": Елбасы қазақстандықтарға үндеу жасады

Опубликовано:

Елбасы
Фото: Sputnik / Абзал Қалиев

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев парламент сайлауына қатысты. Ол елордадағы сайлау учаскелерінің бірінде өз даусын берді. Бұл туралы оның баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Twitter парақшасында хабарлады.

"Nur Otan" партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев парламент мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының сайлауында дауыс берді", - деп жазды Айдос Үкібай.

Sputnik Қазақстанның жазуынша, Тұңғыш президент сайлау учаскесінде қазақстандықтарға үндеу жасаған.

"Құрметті отандастар, қазақстандықтар! Бүгін елімізде үлкен саяси әрі ауқымды шара өтіп жатыр. Ол - жергілікті мәслихаттардың депутаттарын және мәжіліс депутаттарын сайлау. Бұл тек сайлау учаскесіне келіп, бюллетеньді түсіру мәселесі ғана емес, еліміздің әрбір азаматы бірлігін көрсетеді, парасаттылығын көрсетеді, болашаққа деген үмітін көрсетеді" , - деді Назарбаев.

Өз сөзінде Назарбаев сайлауға дейін біраз жұмыстың атқарылғанын да ерекше атап өтті. Соның ішінде әйелдер мен жастардың 30 проценттік квотасы да бар.

"Қазақ елінің, Отанымыздың болашағы бір, үміті бір, мүддесі бір. Біздің қанымыз да, жанымыз да, жеріміз де бір. Сондықтан бүкіл дүниенің алдында тағы да бірлігімізді көрсетуіміз керек. Бұл сайлауда біз болашақ үшін, бірлік үшін, еліміздің ішіндегі тыныштық үшін дауыс беретін боламыз. Сондықтан әлі дауыс бермеген азаматтарға сайлау учаскесіне келіп, өзінің азаматтық және конститутциялық құқығын орындауға шақырамын ", - деп атап көрсетті Назарбаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1892973-bolasak-sin-dauys-beremiz-elbasy-kazakstandyktarga-ndeu-zasady/

pixel