Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұр-Сұлтан мен Алматыда сайлаушылар неге аз дауыс берді

Опубликовано:

Сайлау
Фото: sputniknews.kz

Қазақстандық саясаттанушы Данияр Әшімбаев Facebook парақшасында парламент мәжілісі сайлауына елордалықтар мен алматылықтардың не себепті аз қатысқанын айтты. Оның сөзінше, бұған карантиндік шаралар мен экономикалық мәселелер себеп болған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Әшімабевтың жазуынша, сайлаушылардың 63,3 пайызы өз таңдауларын жасаған. Мұндай көрсеткіш соңғы рет 1999 жылы тіркелген.

Солтүстік, орталық өңірлер мен Алматы және Қызылорда облыстары жақсы көрсеткіш көрсеткен. Ал Алматы мен Нұр-Сұлтан қаласы, сондай-ақ батыс өңірлерде сайлауға қатысқандар аз.

"Мәселе байкот жариялауда емес, карантиндік шаралар кезінде сайлаушылар тобының селқостығы мен экономикалық мәселелерде деп ойлаймын. Сондай-ақ партиялар өздерінің үгіт-насихат жұмыстары кезінде бәрін қамти алмаған сияқты.

Мегаполистердегі жағдай айтарлықтй қиын. Ұзақ уақыт бойы ешкім қала басшылығының жұмысы туралы оң пікір айтқан жоқ, ал халықтың аз келуі әкімдерге көп нәрседен хабар беру керек", - дейді Әшімбаев.

Саясаттанушы процестің тиісті деңгейде ұйымдастырылғанын, заңсыз үгіт-насихат жұмыстары туралы деректер болмағанын атап өтті.

"Наразылық акцияларына бүкіл ел бойынша бірнеше ондаған адам жиналды және олардың не нәрсеге наразылық білдіргені толығымен түсініксіз болды. Егер баламаның жоқтығына қарсы болса, онда өз партиясын құрып, сайлауға қатысуға кім кедергі болды?", - дейді Данияр Әшімбаев.

Сонымен бірге ол арандатушылық деректері тіркелмегенін, тек Трамптың аты жазылған бюллетеннің желіде тез танымалдылыққа ие болғанын атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1893059-nr-sltan-men-almatyda-sajlausylar-nege-az-dauys-berdi/

pixel