Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бес жыл жұмыс істегеніме ұялмаймын": Божко мәжілістен кететінін мәлімдеді

Жарияланған күні:

Фото
Фото: assembly.kz

Владимир Божко мәжілістен кетеді. Парламент мәжілісі төрағасының орынбасары жаңа шақырылымда бұл қызметті атқармайтынын мәлімдеді деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Рақмет. Мен бұл туралы тіпті, Facebook әлеуметтік желісінде жариялап қойдым. Болды, мырзалар тынышталыңыздар. Кейбіреулер мені үнемі зейнетке шығарғысы келетін. Мен кетемін", - деді Божко.

Алайда ол болашақта қандай іспен айналысуды шешпегенін айтты.

"Жеті немерем бар, сол себепті істейтін жұмыс бар", - деп сөзін толықтырды Божко.

Сонымен қатар Владимир Божко президент пен парламент басшылығына алғыс айтты.

"Өйткені менің жасымда... Ең бастысы мен мұнда бай тәжірибе жинадым. Бұған дейін де заң шығару процесінде қызмет еттім, бірақ бұл жерде, әрине, барлығына қажет теңдессіз тәжірибе бар. Ол тәжірибе маған әлі де көмектеседі. Сондай-ақ мен мәжілісті басқарудың өте тиімді процесінде қызмет еттім, ал оны Нұрлан Зайроллаұлы (Нығматулин) басқарды. Ол бұл салада біздің академик. Ешкім ұйықтамады, барлығы қауырт жұмыс істеді", - деді Божко.

Оның сөзінше, 2019 және 2020 жылдары әлеуметтік және қаржылық қолдауды күшейтетін көптеген заң қабылданды.

"Екіншіден, қабылданған заңдарға сәйкес екі триллионға жуық теңге жалақы және әлеуметтік жәрдемақы түрінде азаматтарға берілді. Мен, қиналсам да, бес жыл жұмыс істегеніме ұялмаймын", - деп түйіндеді ол.

Айта кетейік, Владимир Божко 2016 жылы өткен парламент сайлауында Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесінің атынан VI шақырылымның депутаты болып сайланды.

Ол мәжіліс төрағасының орынбасары қызметін атқарды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1893074-barlyktaryyzga-rakmet-vladimir-bozko-mzilisten-ketetinin-mlimdedi/