Парламент мәжілісіне Қазақстан халқы Ассамблеясынан кімдер сайланды
Жарияланған күні:
Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVIII сессиясында Нұр-Сұлтан қалалық сайлау комиссиясы дауыс беру нәтижесін жариялады деп хабарлайды ҚХА ресми сайты.
Дауыс беруге қатысқан ҚХА мүшелерінің жалпы саны - 351 адам. Дауыс беру нәтижесінде ҚХА-ның 9 кандидаты парламент мәжілісіне өтті.
Олар:
- Сауытбек Абдрахманов - VІ шақырылған парламент мәжілісінің Қазақстан халқы Ассамблеясынан сайланған депутаты, ҚХА мүшесі - 298 дауыс;
- Аветик Амирханян - Батыс Қазақстан облыстық "Масис" армян этномәдени қоғамдық бірлестігінің төрағасы, ҚХА мүшесі - 270 дауыс;
- Ильяс Буларов - Жамбыл облысы Қордай ауданындағы Сортөбе селолық округінің әкімі - 274 дауыс;
- Наталья Дементьева - Көкшетау облыстық білім бөлімі "Техникалық лицей" КММ директоры - 292 дауыс;
- Юрий Ли - "Қазақстан коллекторларының ұлттық палатасы" төрағасы, ҚХА кәсіпкерлер ассоциациясының мүшесі - 282 дауыс;
- Вакиль Набиев - "Күрдтердің "Барбанг" ассоциациясы" республикалық қоғамдық бірлестігінің вице-президенті, ҚХА мүшесі - 285 дауыс;
- Шамиль Осин - "Шығыс" фермерлік шаруашылығының жетекшісі, ҚХА мүшесі - 271 дауыс;
- Владимир Тохтасунов - "Жетісуоблгаз" ЖШС бас директоры - 277 дауыс;
- Абилфас Хамедов - "Әзербайжандықтар ассоциациясы" республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы, ҚХА мүшесі - 290 дауыс.
Қазақстан халқы Ассамблеясынан сайланатын парламент мәжілісі депутаттарын сайлау қорытындыларын Орталық сайлау комиссиясы шығарады.
Айта кетейік, Нұр-Сұлтан қаласындағы Бейбітшілік және келісім сарайында бүгін парламент мәжілісіне Қазақстан халқы Ассамблеясынан сайланатын депутаттарды сайлау бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХVІІІ сессиясы өтті.
Дауыс беруге еліміздің тұңғыш президенті – Елбасы, Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев, президент Қасым-Жомарт Тоқаев және ҚХА өзге мүшелері қатысты.
Еске сала кетейік, 2007 жылдан бастап парламент мәжілісінің тоғыз депутатын Ассамблея сайлайды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1893120-parlament-mzilisine-kazakstan-halky-assambleasynan-9-kandidat-sajlandy/