Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Парламент мәжілісіне Қазақстан халқы Ассамблеясынан кімдер сайланды

Опубликовано:

Сайлау1
Фото: assembly.kz/Бауыржан Жуасбаев

Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVIII сессиясында Нұр-Сұлтан қалалық сайлау комиссиясы дауыс беру нәтижесін жариялады деп хабарлайды ҚХА ресми сайты.

Дауыс беруге қатысқан ҚХА мүшелерінің жалпы саны - 351 адам. Дауыс беру нәтижесінде ҚХА-ның 9 кандидаты парламент мәжілісіне өтті.

Олар:

  • Сауытбек Абдрахманов - VІ шақырылған парламент мәжілісінің Қазақстан халқы Ассамблеясынан сайланған депутаты, ҚХА мүшесі - 298 дауыс;
  • Аветик Амирханян - Батыс Қазақстан облыстық "Масис" армян этномәдени қоғамдық бірлестігінің төрағасы, ҚХА мүшесі - 270 дауыс;
  • Ильяс Буларов - Жамбыл облысы Қордай ауданындағы Сортөбе селолық округінің әкімі - 274 дауыс;
  • Наталья Дементьева - Көкшетау облыстық білім бөлімі "Техникалық лицей" КММ директоры - 292 дауыс;
  • Юрий Ли - "Қазақстан коллекторларының ұлттық палатасы" төрағасы, ҚХА кәсіпкерлер ассоциациясының мүшесі - 282 дауыс;
  • Вакиль Набиев - "Күрдтердің "Барбанг" ассоциациясы" республикалық қоғамдық бірлестігінің вице-президенті, ҚХА мүшесі - 285 дауыс;
  • Шамиль Осин - "Шығыс" фермерлік шаруашылығының жетекшісі, ҚХА мүшесі - 271 дауыс;
  • Владимир Тохтасунов - "Жетісуоблгаз" ЖШС бас директоры - 277 дауыс;
  • Абилфас Хамедов - "Әзербайжандықтар ассоциациясы" республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы, ҚХА мүшесі - 290 дауыс.

Қазақстан халқы Ассамблеясынан сайланатын парламент мәжілісі депутаттарын сайлау қорытындыларын Орталық сайлау комиссиясы шығарады.

Айта кетейік, Нұр-Сұлтан қаласындағы Бейбітшілік және келісім сарайында бүгін парламент мәжілісіне Қазақстан халқы Ассамблеясынан сайланатын депутаттарды сайлау бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХVІІІ сессиясы өтті.

Дауыс беруге еліміздің тұңғыш президенті – Елбасы, Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев, президент Қасым-Жомарт Тоқаев және ҚХА өзге мүшелері қатысты.

Еске сала кетейік, 2007 жылдан бастап парламент мәжілісінің тоғыз депутатын Ассамблея сайлайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1893120-parlament-mzilisine-kazakstan-halky-assambleasynan-9-kandidat-sajlandy/