Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Путин, Алиев және Пашинян Қарабақ жөнінде үшжақты келісімге қол қойды

Опубликовано:

Владимир Путин, Ильхам Алиев және Никол Пашинян
Владимир Путин, Ильхам Алиев және Никол Пашинян. Фото: Mikhail Klimentyev/TASS/Getty Images

Жақында Мәскеу қаласында Ресей президенті Владимир Путин, Әзірбайжан басшысы Ильхам Алиев және Армения премьер-министрі Никол Пашинянның қатысуымен үшжақты кездесу болып өтті. Саясаткерлер Қарабақтың дамуы жөнінде ортақ келісімді қабылдады деп хабарлайды Кремльдің ресми сайты.

Путиннің мәлімдеуінше, үш мемлекеттің премьер-министрлері жақын арада келісімді іске асыру жоспарын ұсынатын болады. Олар экономикалық, сауда-саттық және транспорттық байланыстарды жандандыру мен ТҚР шекарасын ашу мәселелерімен аыналысатын жұмыс тобын басқармақ. Сонымен қатар, бұл іске арнайы мамандар да тартылады.

Кремль баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, аталған топ 30 қаңтар күні бірінші отырысын өткізіп, оның барысында жұмыстың басты бағыттарының тізімін құруы тиіс. Қазіргі таңда автомобиль және теміржол байланысына аса үлкен мән берілуде. Оған қоса, эксперттік топтардық құрамы бекітілмек.

Аталмыш жұмыс тобы 2021 жылдың бірінші наурызына дейін Әзірбайжан мен Армения арқылы транзит секілді жасалатын халықаралық тасымалдаулар қауіпсіздігін ұйымдастыру үшін қажет транспорттық инфрақұрылымның жаңа нысандарын құру мен қалпына келтіру бойынша іс-шараларды іске асыру графигін жоғары деңгейде бекіту үшін ұсыну керек.

"Бұл келісімдердің іске асырылуы әзірбайжан мен армян халықтарына өз пайдасын әкелері анық. Сонымен қатар, жалпы өңірге және Ресей Федерациясының қызығушылықтарына оң әсерін тигізбек" , - деді Путин.

Пашинянның сөзінше, бұл кездесу барысындағы келісім ТҚР қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, өңірдің экономикалық жағдайын өзгертуге көмектесетінін алға тартты.

"Соғыстың аяқталғанына екі айдай уақыт өтті. Бүгін Мәскеуде 9-10 қарашада келісімге қол қойған үш елдің басшыларының қайта бас қосуы - біздің нәтижеге бағытталғанымызды білдіреді. Біз қыркүйек пен қараша айларында орын алған іс-әрекеттерге нүкте қоймақпыз" , - деді Алиев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1893229-putin-aliev-zne-pasinan-karabak-zninde-szakty-kelisimge-kol-kojdy/

pixel