Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Досаев коронавирусқа қарсы жаппай вакцинация жайында мәлімдеді

Опубликовано:

Ерболат Досаев
Фото: inbusiness.kz

Ұлттық банк басшысы үкіметтің онлайн-отырысында дамыған және ірі елдерде коронавирусқа қарсы жаппай вакцинацияның басталуы нарықтарға оң әсер еткенін мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ерболат Досаев 2020 жылдың желтоқсанында әлемдік нарықтарда COVID-19 жағдайының рекордтық санына қарамастан, оң көзқарас басым болғанын алға тартты.

"Дамыған және ірі елдердегі жаппай вакцинациялаудың басталуы экономикалық белсенділіктің қалпына келуі жөніндегі болжамдарды жақсарта отырып, нарықтарға оң әсер етті", - деді Ұлттық банк басшысы.

Сонымен бірге, Досаевтың айтуынша, Америка экономикасы үшін қосымша 900 миллиард долларлық ынталандыру пакетінің қабылдануы қорлар мен тауар нарықтарына айтарлықтай қолдау көрсетті: негізгі қор индекстері жылды айтарлықтай өсіммен аяқтады.

2020 жылдың желтоқсанындағы S&P 500 кең индексі 3,7% қосса, Dow Jones өнеркәсіптік индексі - 3,3%, NASDAQ жоғары технологиялық индексі - 5,1% қосқан.

Нәтижесінде АҚШ долларының индексі төмендеу тенденциясын көрсетті, оның аясында алтын бағасы бір айда 6,6% өсіп, бір унция үшін 1893,1 долларды құрады.

Сол арада, Қазақстанда өткен жылдың желтоқсан айында шоғырландырылған іскерлік белсенділік индексі аздап төмендеді. Бұл көбінесе құрылыс және қызмет көрсету секторындағы іскерлік белсенділіктің төмендеуіне байланысты болған.

Сонымен қатар, 2020 жылдың қаңтарынан бастап өнеркәсіп саласы алғаш рет оң аймаққа кірді, индекс 49,6-дан 50,3-ке дейін өсті. 2020 жылы Қазақстан экономикасының 2,6%-ға жалпы төмендеуі, Досаевтың пікірінше, Ұлттық банктің 2,5-2,7% деңгейіндегі болжамына сәйкес келеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1893263-dosaev-koronaviruska-karsy-zappaj-vakcinacia-lemdik-ekonomikaga-o-ser-etedi/

pixel