Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сағынтаев алматылықтардың жалақысын 320 мың теңгеге көтермек

Опубликовано:

Бақытжан Сағынтаев
Бақытжан Сағынтаев. Фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Алматы мәслихаты VII шақырылымының алғашқы отырысында сөз сөйлеген қала әкімі Бақытжан Сағынтаев алдағы бес жылда депутаттар мен әкімдік бірігіп шешуі тиіс өзекті мәселелерді атады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Басты бағыттардың бірі – жұмыс орындарын құру. Алматы әкімінің тапсыруы  бойынша қалада жұмыссыздықты азайту жөнінде Жол картасы әзірленуде. Негізгі мақсат – жұмыссыздық деңгейін алдағы бес жылда 5,1% -ға дейін төмендету. Сонымен қатар, орташа жалақыны 320 мың теңгеге дейін арттыру және 240 мыңнан астам жұмыс орнын құру", - делінген қалалық әкімдіктің хабарламасында.

Ведомствоның ақпаратына сүйенсек, "Жаңа Алматы" Кешенді жоспары аясында қала шетін дамыту және өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында биыл бюджеттен 85 млрд теңгеден астам қаржы қарастырылған. Жалпы, жыл ішінде барлық қаржы көздерінен шамамен 200 млрд теңгеге жуық қаражат бөлу жоспарлануда.

Мемлекеттік және өңірлік бағдарламалар аясында жыл сайын шағын және орта бизнеске кемінде 30 миллиард теңге несие бөлінеді. 5 жыл ішінде қаланың шағын және орта бизнестегі үлесін 40%-дан 45%-ға дейін арттыру жоспарлануда.

Биыл халықты әлеуметтік қорғауға 39,9 млрд теңге бөлінді. Әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту аясында ағымдағы жылы 12600 орынды 8 мектептің, 8388 орынды 17 жаңа корпустың (қосалқы нысан), 640 орынды 4 мемлекеттік балабақшаның құрылысын аяқтау қажет. Денсаулық сақтау саласында 5 нысан салынатын болады.

Сессияның соңында Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев жаңарған мәслихат депутаттарын алматылықтардың өмірін жақсарту жөніндегі алда тұрған міндеттерді шешу үшін күш-жігерлерін біріктіруге шақырды. Сонымен қатар, мегаполис әкімі мәслихаттың жаңа саяси рөлі оның қала тұрғындарымен байланыстағы маңызды коммуникациялық буын екенін атап өткен.

"Сіздердің қалалықтармен белсенді жұмысы жасайтындарыңызға сенімдімін", - деді Бақытжан Сағынтаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1894288-sagyntaev-almatylyktardy-zalakysyn-320-my-tegege-ktermek/

pixel