Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әсет Ерғалиев ұлттық экономика министрі болып тағайындалды

Опубликовано:

Әсет Ерғалиев
Әсет Ерғалиев. Фото: Egemen.kz

Еліміздің ұлттық экономика министрі тағайындалды. Бұл қызметке Әсет Ерғалиев келді. Тиісті құжат Ақорда сайтында жарияланды.

"Қазақстан Республикасы Конституциясының 44 - бабының 3-тармақшасына сәйкес Әсет Арманұлы Ерғалиев Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі болып тағайындалсын", - делінген жарлықта.

Бұған дейін Ерғалиевтің кандидатурасы, бірқатар басқа министр сияқты мәжілістің бейінді комитеттерінің отырыстарында келісілген болатын.

"Мәжілістің Экономикалық реформа және Өңірлік даму комитетінің мүшелеріне сауда және интеграция министрі лауазымына тағайындау үшін Бақыт Тұрлыханұлы Сұлтановтың, Ұлттық экономика министрі лауазымына Әсет Арманұлы Ерғалиевтің кандидатуралары ұсынылды", - делінген мәжіліс хабарламасында.

Айта кетейік, Әсет Ирғалиев 1986 жылы Қостанай қаласында дүниеге келген. 2008 жылы Қазақстан менеджмент, экономика және болжамдау институтын, Швециядағы Халықаралық бизнес мектебін, 2009 жылы — Йорк университетін және 2010 жылы — Ноттингем университетін тәмамдаған.

Мамандығы бойынша экономист. Қазақ, орыс, ағылшын және неміс тілдерін меңгерген.

Еңбек жолын 2010 жылдың қыркүйегінде Лондондағы Еуропа Қайта Құру және Даму Банкінің экономикалық департаментінде Шығыс Еуропа және Кавказ бойынша экономикалық саясаттың өңірлік талдаушысы ретінде бастаған. 2011 жылдың қазан - 2012 жылдың қараша айы аралығында осы департаментте бас өңірлік талдаушы болып жұмыс істеген.

2011 жылдың қараша айынан банктің өңірлік экономисі болып еңбек етті. 2013 жылдың қаңтарында "Экономикалық зерттеулер институты"АҚ Кәсіпкерлікті дамыту орталығының директоры болып тағайындалды. Осы құрылымда Ерғалиев 2016 жылдың басына дейін вице-президент, басқарма төрағасының орынбасары, басқарма төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарған.

2016 жылдың ақпан айында "Экономикалық зерттеулер институты"АҚ Басқарма төрағасы болды.

Сол жылдың қазан айынан бастап "Бәйтерек "ҰБХ" АҚ басқарма төрағасының кеңесшісі қызметін атқарды, ал желтоқсанда ҚР премьер-министрінің кеңесшісі болып тағайындалды.

2017-2018 жылдары премьер-министр кеңсесінің жобалық басқару орталығының меңгерушісі, 2018 жылдың қыркүйегінен 2019 жылдың наурызына дейін ұлттық экономика вице-министрі, 2019 жылдың наурыз-тамыз аралығында премьер-министр кеңсесі басшысының орынбасары, 2019 жылдың тамыз айынан бастап ұлттық экономика бірінші вице-министрі қызметін атқарған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1894374-set-ergaliev-lttyk-ekonomika-ministri-bolyp-tagajyndaldy/

pixel