Сыртқы істер министрі тағы бір лауазымға ие болды
Жарияланған күні:
Еліміздің сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді тағы бір лауазымға ие болды. Енді СІМ басшысы премьер-министрдің орынбасары қызметін қоса атқарады деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
"Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 3 – тармақшасына сәйкес қаулы етеімн: Мұхтар Бескенұлы Тілеуберді Қазақстан Республикасы премьер – министрінің орынбасары- сыртқы істер министрі болып тағайындалсын", - делінген президенттің"ҚР үкіметінің құрамы туралы" жарлығында.
Тілеуберді Мұхтар Бескенұлы 1968 жылы 30 маусымда Шымкент облысының Ақсу ауылында туған. С. М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің философия-экономика факультетін тәмамдаған. Университетті бітіргеннен кейін Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің философия тарихы және қытай филологиясы кафедраларында жұмыс істеді.
1993–1996 жж. — атташе, Азия елдері басқармасының үшінші хатшысы;
1996–1999 жж — Корея Республикасындағы Қазақстан Республикасының Елшілігінің үшінші, екінші хатшысы;
1999–2000 жылдары — Азия, Таяу Шығыс және Африка департаментінің бірінші хатшысы, Екіжақты ынтымақтастық департаментінің бөлім бастығы;
2000–2001 жж. — Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінде Мемлекеттік хатшының халықаралық мәселелер жөніндегі кеңесшісі;
2001–2003 жж — Қазақстан Республикасының Израиль Мемлекетіндегі Елшілігінің кеңесшісі;
2004 жылдың тамызынан 2009 жылдың шілдесіне дейін Қазақстанның Малайзиядағы елшісі лауазымын атқарған;
2005 жылдың наурызынан 2009 жылдың шілдесіне дейін — Қазақстанның Индонезия, Бруней-Даруссаламдағы және Филиппин Республикасындағы елшісі;
2009 жылдың шілдесінен бастап 2016 жылдың наурызына дейін — Қазақстанның Швейцариядағы елшісі, Қазақстан Республикасының Лихтенштейн княздігіндегі, Ватикан мемлекетіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі;
2015 жылы ҚР-ның Иерусалимдік Әулие Иоанн Егеменді Әскери Госпитальерлер Ордені жанындағы, Родостағы және Мальтадағы қоса атқарушы Елшісі болып аккредиттелді.
2016-2019 жж. — Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары.
2019-2021 жылдары – ҚР сыртқы істер министрі. 2021 жылғы 18 қаңтарда ҚР Президентінің Жарлығымен Премьер-Министрдің орынбасары – сыртқы істер министрі болып тағайындалды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1894380-kazakstan-sim-bassysy-tagy-bir-lauazymga-ie-boldy/