Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мамин жаңадан тағайындалған екі министрді таныстырды

Опубликовано:

Фото
Фото: prememinister.kz

Үкімет басшысы Асқар Мамин жаңа тағайындалған ұлттық экономика, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлерін таныстырды деп хабарлайды primeminister.kz.

Мамин бұрынғы ұлттық экономика министрі Руслан Дәленовке, сонымен қатар бұрынғы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетовке атқарған жұмысы үшін алғыс айтты. 

Жаңа ұлттық экономика министрін таныстыра отырып, Асқар Мамин Әсет Ерғалиевтің жоғары кәсібилігі мен құзыреттілігін атап өтті.

Түрлі жылдары ол Еуропа қайта құру және даму банкінде аймақтық бас сарапшы, премьер-министрдің кеңесшісі, ұлттық экономика вице-министрі, премьер-министр кеңсесі басшысының орынбасары болып жұмыс істеді. Осы уақытқа дейін ұлттық экономика бірінші вице-министрі қызметін атқарды.

Фото
Фото: primeminister.kz

Жаңа еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрін таныстыра отырып, Асқар Мамин Серік Шәпкеновтің Батыс Қазақстан және Атырау облыстары әкімдерінің бірінші орынбасары ретіндегі үлкен тәжірибесін атап өтті.

Осы уақытқа дейін Шәпкенов еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметін атқарды.

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының жаңа саясатын іске асыру бойынша алдымызға маңызды міндеттер қойды. Олар экономикалық даму сапасын арттыруға, экономиканың өзіндік жеткіліктілігіне, салық саясатын жетілдіруге, инвестициялар тартуға және экспортты дамытуға бағытталған құрылымдық реформаларды жүргізуді қамтиды", — деді үкімет басшысы.

Сондай-ақ премьер-министр әлеуметтік саланы жаңғырту бойынша маңызды міндеттер іске асырылатынын атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1894395-zejnetaky-zinagyn-sms-arkyly-tekseruge-bolatyn-zaa-kyzmet-iske-kosyldy/

pixel