Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"250+" жобасы: Ауылдарды жылдам мобильдік интернетке қосу ауыл шаруашылығын цифрландыруды жеделдетеді

Опубликовано:

Кселл АҚ
Фото: Кселл АҚ

Қазақстанда 600 мыңға жуық ауыл тұрғыны «250+» жобасы жүзеге асырылғаннан кейін интернетке қол жеткізе алады. Бұл шалғай елдімекендердің өмір сүру сапасын жақсартып, ауыл мен қала арасындағы цифрлық теңдікке қол жеткізіп қана қоймай, ауыл шаруашылығын дамытуға мүмкіндік ашады деп хабарлайды NUR.KZ.

Жоба кемінде 250 тұрғыны бар ауылдық елдімекендерді цифрландыру деңгейін арттыруға бағытталған. Үш байланыс операторының бірлескен күшімен бұл ауылдар мобильдік кең жолақты интернетке қосылды.

250+ жобасын жүзеге асыратын ұялы байланыс операторларының бірі - "Кселл" АҚ . Жобаның түпкі мақсаты - ауылдық жерлерде тұратын 600 мың адамға жылдам мобильдік интернетті қолжетімді ету.

"Кең жолақты интернет ауыл тұрғындары үшін телемедицина, интернет-банкинг, қашықтықтан білім беру, жұмыс істеу, желідегі кәсіпкерлікті дамыту секілді ірі қала тұрғындарының заманауи өмірінің ажырамас бөлігіне айналған өзге де салаларда жаңа мүмкіндіктер ашады. 250+ жобасы - елдің экономикалық дамуындағы драйверлердің бірі болып табылады, елдің әлеуметтік ландшафтын өзгертеді және ауыл мен қала арасындағы цифрлық теңсіздіктің шегін жояды", - деді "Кселл" АҚ бас техникалық директоры Асқар Есеркегенов.

Асқар Есеркегенов
Асқар Есеркегенов. Фото: Кселл АҚ

Қазірдің өзінде Kcell келісімшарттық телефондарға (Kcell / activ дүкені) онлайн-тапсырыстарды тікелей ауылдың түкпірлерінен қабылдауда. Қазақстандағы фермерлер де ауылдарды цифрландыру игіліктерін пайдалана алады.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұған дейін айтқанындай, 2025 жылға қарай ауылшаруашылығының жалпы өнімінің көлемі үштен бірге, ал экспорт көлемі екі есеге өседі деп күтілуде.

Алайда мемлекет басшысы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің басшыларына қарата айтқан сөздерінің бірінде цифрландыру ауыл шаруашылығына әсер ететін экономиканы дамытудың қозғаушы күшіне айналуы керек екендігін мәлімдеген болатын.

Сонымен қатар, бүгінде ауыл шаруашылығы - еліміздің азық-түлік және экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған экономиканың негізгі салаларының бірі.

Соңғысы пандемия мен шекараны жабу кезінде өзінің маңыздылығын көрсетті. Далада немесе фермада жұмыс істейтіндердің инновациялық технологиялардан алыс болып көрінуіне қарамастан, бұл салада да онсыз жұмыс жасау қиынға соғады.

Мәселен, ауыл шаруашылығында электрондық дала карталары мен топырақ талдауын қолдануға болады.

Алайда одан да ілгері қадам жасайтын болсақ, онда цифрландыру жанармай тұтыну датчиктерін, отарларды бақылай алатын GPS трекерлерін орнатудан бастап және ауылдағы бизнес процестерді басқаруға көмектесетін бағдарламалық жасақтамаларға дейін, шаруа қожалықтарын ішінара немесе толықтай автоматтандыруға мүмкіндік береді.

Ауыл шаруашылығы министрлігі түсіндіргендей, бүгінде Қазақстанда ауылшаруашылық жерлерінің және электронды сауда алаңының қалай пайдаланылып жатқандығын қашықтықтан бақылауға мүмкіндік беретін космомониторинг сияқты сандық жобалар жүзеге асырылуда.

Көтерме сауда орталықтары бар алаңдар делдалдардың әсерін жоюға және фермерлер мен соңғы тұтынушы арасындағы тікелей сатылымдардың санын көбейтуге бағытталған.

Бұл ауылшаруашылық өнімдерінің бағасын төмендетіп қана қоймай, жалпы саланы дамытуға, сонымен қатар ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Ал бұл аз да емес, кем де емес - жеті миллионнан астам ауылдық елдімекен тұрғындарын, еліміздегі жалпы халықтың шамамен 43% құрайды.

Kcell Стратегиялық даму департаментінің директоры Айбек Нұрқадыр:

"Біз үшін "250+" - ұзақмерзімді жоба және үлкен әлеуметтік жауапкершілік. Ауыл тұрғындары жоғары жылдамдықтағы интернет мүмкіндіктерін қалалықтардан қалыспай қолдана алуы тиіс. Әрине, бұл жоба ауыл шаруашылығын цифрландыруға да оң әсер етеді".

"Кселл" АҚ
Айбек Нұрқадыр. Фото: "Кселл" АҚ

* PR құқында

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1894873-250-zobasy-auyldardy-zyldam-mobildik-internetke-kosu-auyl-saruasylygyn-cifrlandyrudy-zedeldetedi/

pixel