Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Президенттік жастар кадрлық резервіне 40 жасқа дейінгі азаматтарды алу жоспарлануда

Опубликовано:

Тоқаев
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлық жобасына сәйкес, президенттік жастар кадрлық резервіне алынатын қазақстандықтардың жас мөлшері 35-тен 40 жасқа дейін ұлғайтылады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Мемлекеттік қызмет жөніндегі агенттік "Ашық НҚА" порталында "Президенттік жастар кадр резервінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 27 тамыздағы № 141 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы" мемлекет басшысының жарлық жобасын жариялады.

Жарлық жобасына сәйкес, президенттік жастар кадрлық резервін қалыптастыру ережелері өзгертіледі.

Атап айтқанда, резервке іріктеуге жасы 40-тан аспаған, жоғары білімді, еңбек өтілі он жыл, оның ішінде кем дегенде екі жыл басшылық қызметте болған Қазақстан азаматы қатыса алады.

Президент тағайындаған мемлекеттік қызметшілер, саяси қызметшілер, "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілері, президенттік жастар кадр резервіне алынған адамдар іріктеуге қатыса алмайды.

Айта кетейік, қазіргі уақытта резервке 35 жастан аспаған, жоғары білімі жəне бес жылдан кем емес еңбек өтілі бар Қазақстан азаматтары алынуы мүмкін.

Президент тағайындаған мемлекеттік қызметшілер резервке іріктеуге қатыса алмайды.

Президент жарлығының жобасын әзірлеушілердің айтуынша, бұл өзгерістер осыған дейінгі тәжірбиеге сүйене отырып, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орындарындағы нақты тәжірибесі бар трансформациялық көшбасшыларды анықтауға баса назар аударылып отырғандықтан енгізіліп отыр.

Еске сала кетейік 2019 жылы мемлекет басшысы елімізде "Президенттік жастар кадр резервін қалыптастыруды" тапсырған еді.

Кейін іріктеу конкурсы өтіп, алғаш рет "Президенттік жастар кадрлық резервіне" 300 қазақстандық жас енген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1894900-prezidenttik-zastar-kadrlyk-rezervine-40-zaska-dejingi-azamattardy-alu-zosparlanuda/

pixel