jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Риза Шайқақ
    Риза Шайқақ
    Бұрынғы қызметкер

    Елорда әкімі Көлгінов Нұрсұлтан Назарбаевтың қабылдауында болды

    Назарбаев Көлігнов
    Фото: elbasy.kz

    Қазақстанның Тұңғыш президенті Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновті қабылдады. Кездесуде елорда әкімі Нұсұлтан Әбішұлына қала құрылысындағы алдағы жоспарлар мен санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру бойынша қабылданған шаралар туралы баяндады деп хабарлайды Елбасы сайты.

    Көлгіновтің мәліметінше, 2020 жылы елорданы дамыту және тұрғындарға қолайлы жағдай жасау бойынша маңызды жобаларды іске асыру үшін 1 триллион теңгеден астам инвестиция тартылған.

    Әңгіме барысында білім беру, денсаулық сақтау, өнеркәсіп, тұрғын үй құрылысы және инфрақұрылымды дамыту салаларындағы жобаларды іске асыру мәселелеріне ерекше мән берілді.

    Сонымен қатар Нұр-Сұлтан қаласының әкімі пандемия жағдайында елорданың шағын және орта бизнес өкілдерін қолдау шаралары туралы айтып берді.

    Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін елордада заманауи талаптарға сай теңдесіз емхана ашылатыны туралы хабарлаған едік. Медициналық мекеме әдеттегі функционалдық міндеттеріне қоса, пандемия кезеңінің барлық талаптарына сәйкес келеді.

    Бұл жөнінде Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов өзінің Instagram парақшасында мәлімдеді.

    Оның жазуынша, емханада аймақтар "лас" және "таза" деп бөлінген; ішке айдау желдеткіш жүйесі, телемедицинаға арналған конференц-зал орнатылған.

    Жаңғыртылған емхана Есіл ауданында орналасқан.

    "Бұған дейін ауданда тек бір - №9 емхана болатын. Басқа медициналық ұйымдардың болмауына байланысты №9 емханаға жүктеме шамадан тыс артылып келді. Емхана толығымен жеке инвестициялар есебінен салынды. Қала тұрғындары үшін мемлекеттік тапсырысты орындаймыз", - дейді елорда әкімі.
    Елорда әкімі Көлгінов Нұрсұлтан Назарбаевтың қабылдауында болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.