Ресейде ереуілге шыққан Навальныйдың жақтастарын ұстап жатыр (фото, видео)
Жарияланған күні:
Ресейде оппозиционер Алексей Навальныйды қолдаушылар жаппай наразылық акцияларына шықты. Күштік құрылымдар заңсыз ереуілге шыққандары ұстап жатыр.
Хабаровск пен Владивостокта ереуілшілерді жаппай ұстап жатыр. Сонымен бірге Магадан мен Оңтүстік Сахалинскте де митингтер өтуде.
Deutche Welle порталының жергілікті дереккөзіне сілтеме жасап жазуынша, арнайы жасақ сарбаздары адамдарды жаппай ұстап, қала көшелерін жауып жатыр.
Ереуілшілер "Ресей азат болады", "Біз біріксек жеңілмейміз" деген ұрандар айтуда.
Ал Мәскеудегі Пушкинская алаңы митинг басталуына бірнеше сағат қалғанда толық қоршалған.
Сонымен бірге Навальныйды қолдау акциясы тек Ресейде емес, әлемнің ондаған мемлекетінде болатыны хабарланды.
Владивостоктағы ереуіл туралы Алексей Навальныйдың жергілікті штабы хабарлап отыр.
Еске сала кетсек, Алексей Навальный Германиядан Ресейге оралды. Оппозиция өкілін бірден әуежайда қамауға алған болатын.
Алексей Навальныйдың ұсталғаны туралы ақпаратты Үкімдерді орындау жөніндегі федералдық қызмет (бұдан әрі ҮОФҚ) растады. Оппозиция өкілі әйелімен бірге Германиядан қайтып келе жатқан ұшақ Мәскеудің Шереметьево әуежайына қонған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1895280-resejde-ereuilge-sykkan-navalnyjdy-zaktastaryn-stap-zatyr-foto-video/