Семей қаласының басшысы ауысқаны туралы ақпаратқа облыс әкімдігі жауап берді
Опубликовано:

Әлеуметтік желіде "ШҚО әкімінің қаулысы" ретінде жазылған құжат тарады. Мәтінде Семей қаласының басшысы болып Нұрымбет Сақтағановтың тағайындалғаны жазылған. Ақпаратқа Шығыс Қазақстан облысы әкімінің баспасөз қызметі пікір білдірді деп хабарлайды YK-news.kz.
Қазіргі уақытта Ермак Сәлімов Семей қаласының әкімі. Ал Нұрымбет Сақтағанов Ұлан ауданының басшысы болып қызмет етеді.
Шығыс Қазақстан облысы әкімінің баспасөз қызметі кадрлық ауыс-түйіс туралы ақпаратқа пікір білдірді.
"Тағайындау болған кезде ресми ақпарат жіберіледі. Әкімдер мәслихат сессиясында депутаттардың келісімі бойынша тағайындалады. Бұл мәселе бойынша Семей қаласы мәслихатының сессиясы болған жоқ", - дейді ведомство.
Еске сала кетсек, Семей қалалық мәслихаты депутаттарының медициналық маскасыз әрі арақашықтықты сақтамай түскен суретіне қатысты СҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті пікір білдірген еді.
Ведомствоның хабарлауынша, фотосессия жасалған сәтте өңірлік бас санитар дәрігердің қаулысы күшінде болған.
Қаулыда жабық ғимараттарда міндетті түрде маска режимі мен кем дегенде 2 метр әлеуметтік арақашықтық талабы сақталу керек екені жазылған.
Қазір аталған факті бойынша санитарлық дәрігерлер тексеріс жүргізуде.
"Нәтижесі бойынша кінәлі адамдарға ҚР Әкімшілік кодексінің 425 бабы, 1 бөлімі (Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу) бойынша әкімшілік сипаттағы шаралар қабылданатын болады", - деп хабардар етті департаменттен.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1895289-semej-kalasyny-bassysy-auyskany-turaly-akparatka-oblys-kimdigi-zauap-berdi/