Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев әкімдерге: Вакцинация мәселесінде дүрбелеңге жол бермеу керек

Жарияланған күні:

Фото
Фото: Ақорда

Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев денсаулық сақтау министрі мен өңір әкімдеріне халықты жаппай вакциналау мәселесіне қатысты бірқатар тапсырма берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Үкіметтің кеңейтілген отырысында мемлекет басшысы барлық министр мен әкімді вакцинациялау науқанына баса мән беруге шақырды.

"Бұл мәселе бойынша тек денсаулық сақтау министрі ғана емес, әкімдердің барлығы мына жайды ескеруі тиіс: жалпыға ортақ вакцинация - өте маңызды мәселе. Бізге азаматтарға вакцина егудің пысықталған, жан-жақты ойластырылған жоспары керек", – деді президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев дүрбелең болмас үшін бұл салада ескеретін өте көп нюанс бар екенін ескертті.

Оның сөзінше, вакцинация эпидемиологиялық жағдайды түзеуі тиіс. Сол себепті мемлекет басшысы алдағы уақытта атқарылатын жұмыс көп екенін жасырмады.

Айта кетейік, 1 ақпанда қазақстандықтарға коронавирусқа қарсы екпе егу науқаны басталады. Вакцинация кезең-кезеңмен жүргізіледі. Бірінші кезекте вакцина медицина қызметкерлеріне салынады. Жыл соңына дейін алты миллион қазақстандыққа вакцина салу жоспарланып отыр.

Еске сала кетсек, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы басталғанын жазған едік.

Онлайн форматтағы жиында елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының 2020 жылғы қорытындылары мен алдағы жоспары талқылануда.

Үкімет отырсында Қазақстанның премьер-министрі осы жылы бюджет саласындағы бір миллионнан астам қызметкердің жалақысы өсетінін мәлімдеді.

Асқар Маминнің сөзінше, осы жылы 1,3 миллион адамға жұмыспен қамтудың әртүрлі шаралары ұсынылады. Бұл жұмыссыздық деңгейін 4,9 процентке дейін төмендетуге мүмкіндік береді, дейді үкімет басшысы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1895653-tokaev-kimderge-vakcinacia-mselesinde-drbelege-zol-bermeu-kerek/