Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Президент үкіметке қысқа мерзім ішінде агенттік құруды тапсырды

Опубликовано:

тоқаев жаңа сурет
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында ҚР Президенті жанынан Экономикалық қылмыстармен күрес жөніндегі агенттік құруды тапсырды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Президенттің сөздерін Ақорданың Twitter-дегі ресми парақшасы жария етті.

«Жалған кәсіпорындармен және қасақана төлемеушілермен жұмысты жүйелі түрде күшейту қажет. Оң динамиканы сақтау үшін аталған бөлімшенің мәртебесін көтеру керек. Және ең қысқа мерзім ішінде Президент жанынан Экономикалық қылмыстармен күрес жөніндегі агенттік құру қажет», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Еске сала кетсек, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы басталғанын жазған едік.

Онлайн форматтағы жиында елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының 2020 жылғы қорытындылары мен алдағы жоспары талқылануда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1895696-prezident-kimetke-tagy-bir-agenttik-krudy-tapsyrdy/

pixel