Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жаңа Зеландия жыл соңына дейін шекарасын ашпайтынын мәлімдеді

Опубликовано:

Жаңа Зеландия, Роторуа өзені
Көрнекі фото: piqsels.com

Жаңа Зеландия жыл соңына дейін шетелдік туристерді қабылдамайды деп хабарлайды "Хабар 24".

Осылайша, билік биыл шекараны ашпайтынын мәлімдеген.

Елде коронавирусқа қарсы жаппай екпе салу науқаны әлі басталған жоқ. Вакцинация жылдың ортасына жоспарланып отыр.

Сондықтан билік шекараны ашу халықтың денсаулығы мен экономика үшін қауіпті екенін айтады.

Десе де, премьер-министр биыл "ең болмағанда Австралия және Тынық мұхитының аралдық мемлекеттері арасында саяхат жасау мәселесін қарастырамыз" деп отыр.

Айта кеткен жөн, Жаңа Зеландия коронавируспен күресте жақсы нәтиже көрсеткен елдің бірі саналады. Мұнда таяуда соңғы екі айда алғаш рет індетті жұқтыру дерегі расталды. 56 жастағы әйелде вирустың жаңа африкалық штамы анықталған. Науқас жуырда Еуропадан оралған.

"Коронавирустың жаңа мутациялары тез тарап бара жатқанын көріп отырмыз. Олар тек бір-екі өңірде ғана емес, әлемнің көп мемлекетінде тіркелді. Жаңа штамм бізде де анықталды. Қазір мамандар вирустың геномын тексеріп, тиісті зерттеулер жүргізіп жатыр", – дейді Жаңа Зеландия денсаулық сақтау қызметінің бас директоры Эшли Блумфилд.

Елдегі жағдайға оралсақ, қазақстандық ғалымдар отандық QazCovid-in вакцинасын әзірлеу технологиясы туралы айтып берді. QazCovid-in вакцинасын әзірлеу барысында жылдар бойы жақсы нәтиже беріп келген технология қолданылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1895832-zaa-zelandia-zyl-soyna-dejin-sekarasyn-aspajtynyn-mlimdedi/

pixel