Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мамин: Қазіргі басты міндет – жаппай вакциналауды өткізу

Опубликовано:

Асқар Мамин
Фото: egemen.kz

Премьер-министр Асқар Мамин Қазақстан аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (ВАК) селекторлық отырысын өткізді деп хабарлайды премьер-министрдің ресми сайты.

Қазақстандағы қазіргі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай күрделі. Республика "жоғары қауіптілік аймағына" кірді, 8 өңір "қызыл аймақта" тұр: Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары, Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары.

Күн сайын 1,5 мыңға жуық жаңа сырқаттану жағдайы тіркеледі, репродуктивтік көрсеткіші – 1,14. Инфекциялық төсек орындарының жүктемесі – 31%, реанимациялық – 20%.

QazCovid-in отандық вакцинасы клиникалық сынақтардың III кезеңінен өтуде (алдын ала тиімділігі – 96%). "Спутник V" вакцинасының сапасын аттестаттау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Халықты "Спутник V-мен" жаппай вакциналау 1 ақпанда басталады.

Үкімет басшысы Білім және ғылым министрлігіне Биологиялық қауіпсіздік проблемалары институты базасында QazCovid-in вакцинасының тәжірибелік партиясын және "Антиген" ҒӨК" ЖШС өндірістік алаңында тәжірибелік-өнеркәсіптік партияны шығаруды қамтамасыз етуді тапсырды.

Премьер-министр әкімдіктерге вакцинаны сақтау үшін қажетті жабдықтарды сатып алуды аяқтап, егу пункттерінің толық дайындығын биылғы 1 ақпанға дейін қамтамасыз етуді тапсырды.

Ақпарат министрлігіне Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп, коронавирус инфекциясына қарсы вакциналау туралы ақпараттық-түсіндіру жұмысын қамтамасыз ету, Ішкі істер министрлігімен бірлесіп, вакциналау мәселелеріне қатысты арандату және жалған ақпарат тарату фактілерін уақытылы тоқтату тапсырылды.

Үкімет басшысы эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған қызметкерлердің қауіпсіздігі мәселелеріне ерекше бақылау жасау қажеттігін атап өтті.

"Вакцина өндірісін қамтамасыз ету және халықты жаппай вакциналауды өткізу денсаулық сақтау саласындағы Үкіметтің бүгінгі күнгі негізгі міндеті", — деді Асқар Мамин. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1896156-mamin-kazirgi-basty-mindet-zappaj-vakcinalaudy-tkizu/

pixel