Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев қаржы мониторинг агенттігін құру туралы жарлыққа қол қойды

Жарияланған күні:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" жарлыққа қол қойды деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты.

"Қазақстан Республикасының президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік орган ретінде Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі құрылсын, оған Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы, сондай-ақ экономикалық және қаржылық қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу, оларды анықтау, жолын кесу, ашу және тергеп-тексеру бойынша функциялары мен өкілеттіктері берілсін", – делінген құжатта.

Жаңа агенттік берілетін функциялар мен өкілеттіктер шеңберінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің құқықтары мен өкілеттіктерінің құқықтық мирасқоры болып айқындалды.

Президент әкімшілігіне агенттік төрағасымен бірлесіп, агенттік және оның құрылымы туралы ереже жобаларын ұсыну тапсырылды.

Сонымен қатар, үкімет президент әкімшілігімен бірлесіп, қаржы министрлігінің және тиісті ведомстволық бағыныстағы ұйымның штат санын агенттікке қайта бөлу жөнінде ұсыныстар енгізуі керек.

"Осы жарлықты іске асыру бойынша өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз ету Қазақстан Республикасы президентінің әкімшілігіне жүктелсін. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі ", – делінген құжатта.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1896168-tokaev-karzy-monitoring-agenttigin-kru-turaly-zarlykka-kol-kojdy/