Президент: Жекешелендіру ісі жекелеген монополияларды тудырмауы керек
Жарияланған күні:
Ақордада мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен реформалар жөніндегі жоғарғы кеңестің үшінші отырысында 2021-2025 жылдарға арналған жекешелендіру жоспарының жобасы таныстырылды деп хабарлайды Ақорда.
Президентінің бұған дейінгі тапсырмасына сәйкес, толығымен және ішінара жеке бәсекелі секторға берілетін үйымдардың тізімі 176-дан 736-ға дейін ұзартылды.
Бәсекелі ортаға 5 триллион теңгелік активтерді беру арқылы мемлекеттің экономикаға араласу көрсеткішін 14 пайызға азайтуға болады.
Онымен қоса, стратегиялық инвесторларды тарта отырып, жекешелендірілетін компаниялардың қызметіне ШОБ-тың қолжетімділігі арта түседі.
Тоқаев экономикаға мемлекеттің араласу үлесін азайту жоспары туралы айта келе, бұдан бұрын өткізілген компаниялардан алынған тәжірибені еске салды. Ол компаниялар барысында нысандардың басым бөлігін жекешелендіру мәселесі кейінге ауыстырылып, кейбірі тіпті тоқтап қалған еді.
"Жоспар бойынша нақты жұмыс істеу керек. Бұл тұрғыда Үкіметтің қатаң позициясы болған дұрыс. Жекешелендіру ісі жекелеген монополияларды тудырмауы керек. Мұның соңы қоғамның наразылығын туғызады. Жекешелендіру процесінің ашықтығы мен әділеттілігін қамтамасыз ету керек", - деді мемлекет басшысы.
Еске сала кетсек, мемлекет басшысының төрағалығымен "Ақорда" сарайында реформалар жөніндегі Жоғары кеңестің үшінші отырысы өтті.
Іс-шараның күнтәртібіне Қазақстан Республикасын 2025 жылға дейін дамытудың ұлттық жоспарын, мемлекеттік жоспарлаудың жаңа жүйесін, 2030 жылға дейін мемлекеттік бсқаруды дамыту тұжырымдамасын, 2021-2025 жылдарға арналған жекешелендіру жоспарын әзірлеу, сонымен қатар шұғыл реформалар топтамасы мен халықтың ұлттық санағын өткізу мәселелері кірді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1896463-prezident-zekeselendiru-isi-zekelegen-monopolialardy-tudyrmauy-kerek/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.