Індет: Бас санитар дәрігер мен денсаулық сақтау вице-министрі вакцина салдырды (фото, видео)
Жарияланған күні:
Бүгін, 1 ақпанда Қазақстанда коронавирусқа қарсы жаппай вакцинация басталды. Екпені алғашқылардың бірі болып бас мемлекеттік санитар дәрігер Ерлан Қиясов пен денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният салдырды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Бас санитар дәрігер мен вице-министрге елордадағы емханалардың бірінде вакцина салынған. Бұған дейін оларды тексеруден өткізген.
Біздің тілшіміздің айтуынша, барлық журналистер мен БАҚ өкілдерін кішкентай бір кабинетке жинаған.
Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдеріне салынған вакцинация журналистерді дүрліктірген. Ондаған операторлар мен фотографтар, телеарна және портал тілшілері кішкентай медициналық кабинетке әзер сыйған. Әлеуметтік қашықтықты сақтау мүлдем мүмкін болмапты.
Бас санитар дәрігер екпеден кейінгі жағдайымен бөліскен. Қиясовтың айтуынша, вакцина салдырғаннан кейін жайсыздық сезінбеген.
Ол екпе салдырғаннан кейін 30 минут дәрігерлердің бақылауында болуы керек еді. Алайда шенеунік БАҚ өкілдеріне пікір білдіруге асыққан.
Сонымен бірге Қиясов екпе алғаннан кейін бірден жұмысқа баратынын да айтты. Дегенмен ол өзін вакцинацияның екінші кезеңіне дейін қорғау үшін барлық сақтық шараларын сақтайтынын атап өткен.
Еске сала кетейік, бүгін, 1 ақпанда Қазақстанда коронавирусқа қарсы жаппай вакцинация басталды. Екпе ең алдымен халықтың жекелеген топтары - медицина қызметкерлері, полицейлер, әскери қызметкерлер және т. б. салынады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1896603-elimizdi-bas-sanitar-drigeri-men-densaulyk-saktau-vice-ministri-koronaviruska-karsy-vakcina-saldyrdy/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.