Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Депутаттардың біліктілігін арттыруға бюджеттен 647 млн теңге бөлінбек

Опубликовано:

Қаражат
Көрнекі сурет: NUR.KZ / Петр Карандашов

Мәслихат депутаттарының құқығы кеңейтілмек. Осыған орай олардың біліктілігі арттырылмақ және бұл мақсатқа бюджеттен 647 миллион теңге бөлу жоспарланып отыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Мұндай норма қалалық, аудандық және ауылдық деңгейдегі биліктің дербестігі мен жауапкершілігін кеңейту мәселелері туралы заң жобасында көрсетілген.

Депутаттар құжатты бірінші оқылымда қабылдады.

"Енді мәслихат депутаттары тиісті бюджет есебінен қайта даярлау және біліктілігін арттыру құқығына ие болады. Уәкілетті органның мәліметтері бойынша, бұл мақсатқа шамамен 647 миллион теңге бөлінеді. Алайда, заң жобасында бұл норма қалай жүзеге асырылатыны туралы ешқандай механизм жоқ. Мәселен, қалай, кім, қандай форматта, қандай жиілікте болады? Бұл норма іс жүзінде қалай жүзеге асырылады?", - деп сұрады депутат Айгүл Нұркина.

Палата спикері Айгүлдің Нұркинаны сөзіне қолдау білдірді.

"Қайта даярлау дегеніміз қалай? Қайтадан диплом бересіздер ме? Ақша бекітілді. 647 миллион? Не себепті "қайта даярлау нормасы" тағайындалды? Бұл нені білдіреді - академиялық бағдарлама, білім алу... Содан кейін не болмақ - дипломдар ма?", - деп сұрады Нұрлан Нығматулин.

Ұлттық экономика министрі бұған жауап ретінде ақша біліктілікті арттыруға жұмсалатынын айтты.

Нығматулин болса, "депутаттар бұл баптарды қайта жазып, түсініксіз "қайта даярлау"сөздерін алып тастағанын алға тартты.

"Бүгінде біз мәслихат депутаттарын сайладық және біз көптеген өкілеттікті, тіпті сіздің заң жобаңыз бойынша да беріп жатырмыз. Енді біз осы нормаларды үйретіп, оларға не берілетінін, салықтардың қандай түрлері барын, оларды қалай жұмсау керектігін айтып беруіміз керек. Бұл алғашқы жылы жасалуы керек.
Ең бастысы, бұл курстар президент жанындағы ұйымдарда және филиалдарда өтуі керек. Басқа еш жерде өтпеуі тиіс, ешқандай шипажайлар мен жиындар болмайды. Менің ойымша, сіз депутаттардың пікірімен келісуіңіз керек", - деп қосты мәжіліс спикері.

Жалпы, заң жобасында салықтар мен төлемдердің қосымша түрлерін аудандық маңызы бар қалаларға, ауылдарға, ауылдық округтерге беру қарастырылған.

Сонымен қатар, ауылдық округ әкімі аппаратының резервін құру ұсынылуда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1897224-deputattardyn-biliktiligin-arttyruga-byudzetten-647-mln-tenge-bolinbek/

pixel