Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Маңғыстау облысында өңірдің бас дәрігері ұсталғаны туралы ақпарат тарады

Жарияланған күні:

Жамал Жаманбаева
Жамал Жаманбаева. Фото: Lada.kz

Әлеуметтік желіде Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жамал Жаманбаеваның ұсталғаны туралы ақпарат пайда болды. Ол жемқорлыққа қатысты күдікке ілінген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Чиновник kz Telegram-каналдың жазуынша, өңірлік денсаулық сақтау басқармасының басшысы 2020 жылдың тамызында қызметтік өкілеттігін пайдалана отырып, медициналық құрылғыларды жоғары бағамен сатып алуға бюджеттік өтінім жасаған деп күдіктелуде.

Осылайша, үш жылжымалы рентген-құрылғысы сатып алынған. Telegram-каналдың жазуынша, мемлекетке 63 миллион теңге шығын келген.

Ал Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасы Lada.kz порталына желіде тараған ақпаратқа қатысты пікір білдіруден бас тартқан.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет те Жамал Жаманбаеваның ұсталғаны туралы ақпаратты не растап, не жоққа шығармады.

Басылымның жауынша, мемлекеттік қызметкердің ұялы телефоны байланыс аясынан тыс жерде.

Айта кетсек, Жамал Жаманбаева Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы лауазымына 2020 жылдың сәуір айында тағайындалған.

Еске сала кетсек, бұған дейін Алматы облысы білім басқармасының басшысы мен білім саласындағы өңірлік ақпараттық технологиялар ҒӨО директорының ұсталғаны белгілі болған еді.

Тергеу екі шенеунікті пандемия жағдайында кеңсе техникасын сатып алу кезіндегі сыбайлас жемқорлық қылмысына қатысы бар деп санайды.

Одан бөлек бұл істе Алматы облысы білім басқармасының күрделі жөндеу және мемлекеттік сатып алу бөлімінің бас маманының да есімі аталған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1897307-mangystau-oblysy-densaulyq-saqtau-basqarmasynyn-bassysy-ustalgany-turaly-aqparat-tarady/