Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Байден Ресейді барлық әрекеті үшін жауапқа тартуға уәде берді

Жарияланған күні:

Джо Байден
Фото: Rick Loomis / Getty Images

Америка Құрама Штаттарының 46-шы президенті Джо Байден Мемлекеттік департаментте сыртқы саясат бойынша негізгі баяндамасын жасады. Ақ үйдің басшысы Америка Құрама Штаттары Ресейді өз әрекеттері үшін жауапқа тартатынын мәлімдеді. Саясаткер сонымен қатар Қытаймен бәсекелестік және Алексей Навальныйдың ісі туралы сөз қозғады деп жазады РИА Новости.

"Мен президент Путинге біздің сайлауларымызға араласу, кибер шабуылдар жасау, өз азаматтарын улау секілді Ресейдің агрессивті әрекеттеріне Америка Құрама Штаттарының мойынсұнатын күндері артта қалғанын түсіндіруге тырыстым. Біз Ресейді еш ойланбастан барлық әрекеттері үшін жауап беруге мәжбүрлеп, өз халқымыздың өмірлік мүдделерін қорғаймыз", - деді Байден.

АҚШ президенті олар "ортақ мүддедегі серіктестермен коалицияда" жұмыс істей отырып, Ресей мәселесіне келгенде "жұмысты тиімді атқаруға" уәде берді.

Американың жаңа президенті Алексей Навальныйдың ісіне де назар аударды.

"Навальныйдың саяси астары бар қамауға алынуы және Ресейдің жиындар ұйымдастыру бостандығын басу әрекеттері бізді және бүкіл әлем қауымдастығын қатты алаңдатады", - деді Джо Байден.

Ол Алексей Навальныйды тез арада және ешқандай шарт қоймастан босату керек деп санайды. Америка лидерінің айтуынша, оппозиция өкілі сыбайлас жемқорлықты әшкерелегені үшін қиындықтарға тап болуда.

Джо Байден сонымен қатар Қытайды АҚШ-тың басты бәсекелесі ретінде анықтады. Ол Вашингтон Бейжіңмен "күш позициясы тұрғысынан" бәсекелес болады деп уәде берді.

«Мен сондай-ақ біздің өркендеуімізге, қауіпсіздігімізге және демократиямызға келгенде ең басты бәсекелес болып табылатын Қытайдың әрекеттерімен тікелей өзім айналысатын боламын", - деді президент.

Байден Вашингтонның қандай шара қолданатынын айтып берді.

"Біз Қытайдың экономикалық қиянатына шек қоямыз, оның агрессивті әрекеттері мен шантаждарына қарсы тұрамыз, сондай-ақ Қытайдың адам құқықтарына, зияткерлік меншіктерге және әлемдік басқару тәжірибелеріне қарсы шабуылдарымен күресеміз. Бірақ біз Американың мүддесі үшін Бейжіңмен бірлесе жұмыс істеуге дайынбыз. Біз күш тұрғысынан бәсекелес боламыз", - деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1897316-baiden-reseidi-barlyq-areketi-usin-zauapqa-tartuga-uade-berdi/