RU

Тоқаев Алматыда цифрлық форумды ашты: Президент не туралы айтты (видео)

Фото
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Digital Almaty 2021" форумына қатысушыларға бейнеүндеу жасады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

Аталған шараға ЕАЭО үкіметтерінің басшылары, Еуразиялық комиссия және ТМД атқару комитетінің жетекшілері, сонымен қатар, цифрландыру саласының сарапшылары мен мамандары қатысып жатыр.

Мемлекет басшысы пандемиядан кейінгі кезеңдегі цифрландыру мәселесі жайындағы ойымен бөлісті.

"Болашақ – технологиялар мен инновациялардың еншісінде екенін жақсы түсінеміз", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент Қазақстанда жасанды интеллект технологияларын және ауқымды деректерді талдауды дамыту туралы айтты.

Бұдан бөлек мемлекет басшысы ЕАЭО елдерінің цифрлық ынтымақтастығы бойынша бірқатар өзекті бағыттарды жеткізген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1897491-toqaev-almatyda-cifrlyq-forumdy-asty-prezident-ne-turaly-aitty-video/