Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Сымбатты жігіт": Тоқаевтың жас кезіндегі фотосы қазақстандықтарды тәнті етті

Опубликовано:

Тоқаевтың жас кезі
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: instagram.com/berikuali

Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Қасым-Жомарт Тоқаевтың жас кезіндегі фотосын жариялады. Сенбілікте түсірілген сурет Қазнет пайдаланушыларын тәнті етті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Суреттер Қазақстан президенті баспасөз хатшысының Instagram және Facebook парақшаларында жарияланған.

"1979 жыл. Подмосковьедегі сенбілік. Бұл кезде Қасым-Жомарт Кемелұлы КСРО Сыртқы істер министрлігінде атташе қызметін атқарып жүрген болатын", - делінген жазбада.

Президенттің жас кезін көрген желі қолданушылары таңданыстарын жасыр алмай, жарыса пікір жазды.

"Осы кезде қазақ еліне президент болам деп ойлады ма екен. Өмір деген қызық қой", "Сымбатты жігіт", "Ол қазір де сымбатты ғой, өмір жасы ұзақ болсын", "Сұңғақ бойлы сымбатты жігіт, жастықтың өзі сұлулық деген осы болады", - дейді көпшілік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1898841-symbatty-zigit-zas-toqaevtyn-senbiliktegi-fotosy-qazaqstandyqtardy-tanti-etti/

pixel