Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев қаржы пирамидаларына қатысты Бас прокуратураға тапсырма берді

Опубликовано:

Бас прокуратуа басшылығы1
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қаржы пирамидаларын анықтауға қайта құрылған қаржылық мониторинг агенттігі де атсалысуы керек екенін атап өтті. Бұл туралы президент бас прокуратураның басшылық құрамымен кеңесте мәлімдеді деп хабарлайды Ақорда.

"Мысал ретінде, көптеген азаматымыз қаржы пирамидаларының құрбаны болуда. Тек бір ғана қылмыстық іс бойынша 17 мыңнан астам жәбірленуші бар. Мұндай қылмыстық істерді жүзеге асыру үшін алаяқтар бірыңғай транзакцияларды бірнеше рет өткізіп барып, жоқ болады. Күмән тудыратын осындай белсенділікті уақытылы анықтаған жағдайда көптеген адамдарды шалыс басудан сақтап, алаяқтарды жазалауға болар еді. Қайта құрылған Қаржылық мониторинг агенттігі де бұл істен қалыс қалмауы керек", – деді президент.

Мемлекет басшысының пікірінше, бұл жерде қаржы мониторингінің ақпараттық ресурстарын пайдалануға болады. Сондықтан осы саладағы қылмыстың алдын алу үшін олармен толыққанды ынтымақтастық орнатқан жөн.

"Жалпы, прокуратура мұндай мәселелерде барынша белсенді, бастамашы болуы тиіс", – деп сөзін толықтырды Тоқаев.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бас прокуратураның, облыстардағы және республикалық маңызы бар қалалардағы прокуратура басшыларының қатысуымен бейне байланыс режимінде кеңес өткізген еді.

Жиын алдында мемлекет басшысына "Электронды қылмыстық іс", "Әкімшілік іс жүргізудің бірыңғай реестрі", "Субъектілер мен объектілерді тексерудің бірыңғай реестрі", "Электронды арыз-шағымдар" және "Аналитикалық орталық" сияқты цифрлық жобалар ұсынылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1899019-toqaev-qarzy-piramidalaryna-qatysty-bas-prokuraturaga-tapsyrma-berdi/

pixel